Жамбыл жаңалықтары

publisher

Ұрпақ тәрбиесі – ұлт келешегі
Жуырда Т.Рысқұлов ауданындағы №2 қазақ-орыс орта мектебінде аудандық «Сұлтан» мешітінің ұйымдастыруымен «Ұрпақ тәрбиесі – ұлт болашағы» атты дөңгелек үстел өтті. Шараға аталған мешіттің бас имамы С.Джадраев, аудан әкімінің орынбасары Б.Әлпейсов, аудандық білім бөлімінің бастығы С.Тотаев, өзге сала мамандары, мектеп ұстаздары мен оқушылары және ата-аналар қатысты.
Басқосуда ұрпақ тәрбиесі жан-жақты талқыланып, орамды ойлар ортаға салынды. Өз кезегінде С.Джадраев тәрбиені Ислам аясында түсіндіріп, қатысушылардың сұрағына жауап берді.
Әбілда МЕЙІРХАНОВ,
мешіт алқасының төрағасы,
Жамбыл облысы

Мектепте өткен ашық сабақ
Меркі ауылындағы Трубицин атындағы орта мектепте діни мәселелерге қатысты ашық сабақ өтті. Оған «Жақсымбет» мешітінің имамы Қ. Жақсымбетұлы, «Меркі-ата» мешітінің іс басқарушысы Амангелді қажы қатысты.
Оқушыларға «Дін дегеніміз не?», «Діннің басты мақсаты қандай?», «Жастар арасында қылмыстар неге көбеюде?» деген секілді бірқатар мәселелер түсіндіріліп, талқыға салынды.
Кездесу соңында мектеп ұжымы мешіт қызметкерлеріне ризашылықтарын білдірді.
Амангелді Беделбаев,
Меркі ауданы ,
Жамбыл облысы

Пікір қалдыру

Әлеуметтік желі арқылы кіру: 

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Келесі жазба

Ерекше тәрбие сағаты

229 Жаңақорған ауданы, Қожамберді ауылындағы №162 орта мектептің 5-сынып жетекшісі Е.Аймаханов ерекше тәрбие сағатын өткізіп, ауылымызда асыл дініміздің өркендеуіне өз үлесін қосты. «Ислам тағылымы» атты тәрбие сағатына ауыл имамы Қ.Мүсілімов, мектеп ұстаздары қатысты. Сабақ барысында сынып жетекшісі Ислам дінінің еліміздегі орны, жат ағымдардың зияны жөнінде кеңінен мағлұмат берді. Өз кезегінде […]