Жамағаттың бірлігін нығайтар бағдарлама таныстырылды

publisher

21 наурыз күні  «Нұр Астана» мешіті халыққа қызметін бастаған «Феникс» халал мейрамханасымен бірлесе отырып, мешіт жамағатына арнайы дастархан жайды. Ақ ниетпен жайылған ақ дастарханға 200-ден аса мешіт жамағаты қатысты.
Алдымен сөз алған ҚМДБ-ның Астана қаласы бойынша өкілі, «Нұр Астана» мешітінің бас имамы Наурызбай қажы Өтпенов аталмыш дастарханды жаюдағы мақсатына тоқталды: «Құрметті жамағат! Біздің мешітте дастархан жайып, сіздерге арнап ас берудегі ниетіміз – бір-бірімізді етене танып, өзара қарым-қатынасымызды арттыру. Ауызбірлік пен татулығымызды онан әрі нығайту. Аллаға шүкір, біз бақыттымыз. Біздің бақытымыз және еліміздің бақыты ол – татулықта екені сөзсіз. Жамағаттың бірлігін онан әрі нығайту үшін мешіт тарапынан арнайы жұмыс бағдарламаларын да жасадық.
Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бас-тамасымен биылғы жыл «Дін мен дәстүр» жылы деп жарияланғанын білесіздер. Осы мақсатта алдағы айда «Салауатты жамағат» спорттық ойындар жарысын қалалық жеті мешіт арасында ұйымдастырғалы жатырмыз. Онда бұқаралық спортты жаңғыртып әрі «Дін мен дәстүр» жылына орай күрес, арқан тартыс секілді ұлттық ойындарымызға да көңіл бөлмекпіз.
Елбасымыз халыққа арнаған өз Жолдауында да бұқаралық спортпен айналысуға көңіл бөліп келеді. Міне, мешіт тарапынан жамағатқа жасаған әрбір қызметіміздің мақсаты – біреу. Жамағатпен танысу, араласу, бір-бірімізді қадірлеу», – деді өз сөзінде бас имам Наурызбай Тағанұлы.
Сондай-ақ, бас имам Н. Өтпенов және наиб имам А.Махат жиналған жамағатқа уағыз айтып, иманды-лықтың кәусарымен сусындатты.
Ақиқатқа жетелеген арман
Астанамызда күн санап Ислам дінін қабылдаған адамдардың саны артуда. Солардың бірі – 21 жасар Владислав Носов. Алланың хақ дінінен сәуле іздеген оған бұл шешімге келуге болашақ қалыңдығы себеп болыпты.
Наурыздың шуақты күні мешітке зор үмітпен келген Владислав пен оның қалыңдығын «Нұр Астана» орталық мешітінің наиб имамы Асхат Сәлимов қарсы алып, асыл дініміздің қадір-қасиетін жан-жақты түсіндірді.
Исламның алғышарты болған кәлима шахадатты айтқызғаннан кейін А.Сәлимов Владиславқа Исламның алтын қазықтары, діннің діңгегі болған намаз, ораза секілді құлшылықтар жайында баяндап өтті.  Сондай-ақ, мешітімізге келіп, Хақтың бұйрығына мойынсұнып жатқан Владислав секілді жандардың қатары көп екенін, орайы келсе, Исламға бет бұрған бауырлардың басын қосуға, пікір алмасып, ой бөлісуге де мешіт тарапынан жағдай жасалатынын жеткізді.
 «Нұр Астана» мешітінің 
баспасөз қызметі

Пікір қалдыру

Әлеуметтік желі арқылы кіру: 

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Келесі жазба

Сонгайлар

379 Сонгай – Оңтүстік Сахара аймағында Нигер өзенінің жағалауында өмір сүретін халық. Жалпы саны – шамамен 5 млн. адам. Діні – мұсылман-сүнниттер. Орта ғасырда олардың Сонгай атты қуатты импе-риясы болды. Дәлірек айтқанда, 1462-1591 жж. қазіргі Нигер, Нигерия, Мали, т.б. мемлекеттердің аумақтарында салтанат құрған бұл империя негізінен сауда-саттықпен айналысқан. Мемлекеттің негізгі […]