Венгрияның Алматыдағы Бас консулын қабылдады

publisher

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти, шейх Әбсаттар қажы Дербісәлі Венгрияның Алматыдағы Бас консулы Иштван Маклариды қабылдады.
Екіжақты кездесуде Бас мүфти қонаққа Ислам жайлы, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы туралы мағлұмат берді.
«Ислам – жеңіл дін. Мұ-сылмандардың бес уақыт оқитын намазы да адамның ыңғайлы уақытына қойылған. Жолаушыларға намазда жеңілдік қарастырылған. Бұл – Алланың адам баласына деген мейірімі, кеңшілігі», – деді кездесуде Дінбасы.
Иштван Маклари Қазақстанда иманға бет бұрған жастардың көбейіп келе жатқанына қуанышты екенін жеткізді.

ҚМДБ-ның баспасөз қызметі 

Пікір қалдыру

Әлеуметтік желі арқылы кіру: 

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Келесі жазба

Жетімдерге қамқорлық

183 «Жетім көрсең, жебей жүр», – деген нақыл бар. Жетімді жылатпау, жесірге көмек көрсету, қарияға қамқор болу – имандылықты ту еткен қазақтың әдет-ғұрпына сіңген жақсы әдет. Бұл дәстүрді жаңғырту «иманым – жиғаным» деген әрбір мұсылманның назарынан тыс қалған емес. Әсіресе, халықты имандылыққа, адамгершілікке, ізгілік пен бірлікке шақыратын мешіттерде бұл игі […]