Үш азамат Ислам дінін қабылдады

publisher

Түні де, күндізі де қасиетті болған, күндердің сұлтаны жұма күні «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінде үш адам Ислам дінін қабылдады.
Ұлты неміс Алена Эдуардовна, армян ұлтының өкілі Оганян Саида Альбертовна және бір үнді жігіті куәгерлердің қатысуымен тілдерін кәлимаға келтіріп, хақ Исламды қабылдады. Алена Эдуардовна өз қалауымен азан айтқызып, Әлия деп қазақша ат қойғызды.
Мешіттің наиб имамы Мамлюк Асханұлы Ислам дінін қабылдаушы азаматтарға Ислам құндылықтары жайында қысқаша түсінік беріп, оларды бұдан былайғы жерде тақуа мұсылмандардан болуға насихаттады. Мешіт атынан дайындалған сыйлық кітаптарды тарту етіп, бауырластық ниетпен олардың мұсылманшылық қадамдарына сәттілік тіледі.

С. Ғылмани мешітінің
баспасөз қызметі,
Астана қаласы

Пікір қалдыру

Әлеуметтік желі арқылы кіру: 

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Келесі жазба

Ағайын арасын жарастырған кеш

262 Жуырда «Нұр Астана» орталық мешітін-де елордалық мұсылман жұртшылығына арналып дастархан жайылды. Айта кету керек, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының өкілдігі болып саналатын орталық мешітте жамағаттың басын қосып, дастарханнан дәм татқызу, салиқалы отырыс жасау бүгінде игі дәстүрге айналған. Ізгі ниетпен жайылған дастарханға 250-ден аса адам жиылды. Жиылған жұртшылық алдында бұл кештің […]