Тұтас мұсылман әлемі желі арқылы байланыспақ

publisher

Наурыз айының басында Катарда өткен Connect Arab Summit ақпараттық технология және коммуникация саласы бойынша өткен саммитте осындай шешім қабылданды. Панисламдық ғылыми-зерттеу және білім беру желісі Ислам Ынтымақтастығы ұйымына мүше 57 елді қамтымақ.
Алғашында мұндай желі тәжірибе ретінде Алжир, Египет, Иран, Қазақстан, Малайзия, Марокко, Нигерия, Пәкістан, Сенегал, Судан және Түркияны байланыстырады деп жоспарлануда.
Сонымен қатар, саммитке қатысушылар 2015 жылы мұсылман елдерін электронды білім алуға қол жеткізу және инновациялық қабілеттілікке ынталандыру мақсатында бірқатар ақпараттық технологиялық жобаларды талқылады. Бұл жоба-лар технологиялық желілерді, білім орталық-тарын, онлайн-университеттер мен виртуалды академияларды қамтитын болады.
Дохадағы саммитте сөз алған Халықаралық Телекоммуникация Кеңесінің хатшысы Хамадун Туре қатысушыларға мұндай желі уақыт талабы екенін айтты.

Дайындаған Еламан ҚОҢЫРОВ

Пікір қалдыру

Әлеуметтік желі арқылы кіру: 

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Келесі жазба

Аустралияда мұсылмандар үшін жер бөлінді

291 Аустралиялық Жаңа Оңтүстік Уэльс штатының үкіметі жергілікті мұсылмандар мен иудейлерге қайтыс болғандарды жерлеу үшін арнайы жер бөлді. «Бұл біз үшін үлкен қуаныш. Өйткені, бұл ұзақ жыл бойы шешімін таппай келе жатқан мәселе еді», – дейді жергілікті мұсылмандардың басшысы Ахмат Камаледин. Штат билігі мұсылмандарға арнап, «екіқабатты» 6000 жер, ал иудейлерге […]