Тұрар Рысқұлов үшін бәдел қажылық жасалды

admin

Алматы қаласындағы «Түркісіб» мешітіне Ахмет қари Мұхаммедқажиев Бас имам болғалы 20 жыл толды. Ахмет қари діндар отбасында дүниеге келген. Қытайда туып-өскен Ахметтің әкесі Мұхаммед қажылыққа 18 рет барған. Бала кезінде діни медреседе оқып, тәлім алған зиялы жан еді. Ол кейіннен саясатқа араласып, әскери салада генерал дәрежесіне жеткен. Кейінірек билікті қолға алған коммунистер оны «халық жауы» ретінде жазалап, атып тастаған.
Жетім қалып, тұрмыс тауқыметін көп көрген Ахметтің қазақ елінде жұлдызы жанды. Бала жасынан медресе көріп, Құран жаттаған ол мұнан 20 жыл бұрын дін саласына біржола қызмет етуге мүмкіндік алды. Әкесі секілді Алла тағала оған да қажылыққа сан рет баруды нәсіп етті. Өзінің туған-туыстарына бәдел қажылық етіп, түгендеп болған соң, енді қазақ халқына деген құрметі мен сүйіспеншілігінің дәлелі ретінде алдымен 2006 жылы қазақтың біртуар дана перзенті Д.Қонаев үшін, одан соң ұлы ақын, дана А.Құнанбайұлы үшін, былтыр С.Сейфуллин үшін бәдел қажылық жасаса, биыл қуғын-сүргін құрбаны Тұрар Рысқұлов үшін бәдел қажылық жасап, елге оралды.
– Менің әкем секілді, Сәкен мен Тұрар да нақақ жаламен «халық жауы» атанды. Сондықтан олардың рухы шат болсын деп, олар үшін бәдел қажылық жасадым, – дейді Ахмет қари.
Бәдел қажылық қабыл болсын, құрметті Ахмет қари! Сіз қазақ халқы мен Алаштың ардақтыларын құрметтесеңіз, Алла тағала сізді құрметтеп, мерейіңізді үстем етсін.
Оңғар Өмірбек,
ҚМДБ-ның баспасөз хатшысы

Пікір қалдыру

Әлеуметтік желі арқылы кіру: 

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Келесі жазба

Желтоқсан алауы

372 Бодандықтың бұғаулаған қиратылды қақпаны, Намысты жас тәуелсiздiк отын үрлеп жаққалы. Қазақ халқын жұтпақ болған «аждаһаның» екпiнi Желтоқсанда Алматының алаңында тоқтады. Егемендiк болмаса егер, елдіктің де жоқ мәнi, Осыны аңсап, қарт бабаның атқан едi көп таңы. Қайсар қазақ жастарының жығылған жоқ намысы Маңдайына көп тисе де отаршының шоқпары. …Лаулап-лаулап жанып […]