Тұмандағы альбиондағы тұсаукесер

publisher

28 ақпанда Дінбасы, шейх Әбсаттар қажы Дербісәлі хазрет Ұлыбритания астанасы Лондондағы халықаралық «Стейси» баспасында ағылшын тілінде жарық көрген «Ислам – бейбітшілік пен жасампаздық діні» атты кітабының тұсаукесерін өткізу үшін осында келді. «Хитроу» әуежайынан Бас мүфтиді Ұлыбританиядағы Қазақстан елшілігінің қызмет-керлері – бас консул Серікжан Медеуов пен 2-ші хатшы Ербол Нұрмахан күтіп алды.
29 ақпанда Дінбасы Лондон орталығындағы Вестминстер Аббаттығы, Темза өзенінің бойын-дағы көрікті әрі тарихи, мәдени жерлерін аралап, тамашалады.
Сол күні Бас мүфти, шейх Әбсаттар қажы Дербісәлі хазретке Қазақстанның Ұлыбританиядағы төтенше және өкілетті елшісі Қайрат Әбусейітов қонақасы берді. Дастархан басында екі ел арасындағы соңғы жылдардағы сан-салалы жетістіктер туралы әңгіме өрбіді. Кездесу соңында Дінбасы елшіге қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі «Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы», орыс тілінде «Хибатулла Тарази» және қазақ, орыс, араб, ағылшын тілдерінде жуырда жарық көрген «Қазақстанның діни оқу орындары» кітаптарын сыйға тартты.
Түсқайта шейх Әбсаттар қажы Дербісәлі хазрет «Мадам Тюссо» мұражайы мен Ұлыбритания ұлт-тық галереясында болды.
1 наурызда Бас мүфти Ұлыбритания ұлттық тарихи және «Виктория Альберт» мұра-жайларында болып, ондағы жәдігерліктер мен танысты.
Сол күні Лондондағы дирек-торлар институтында Дінбасының «Ислам – бейбітшілік пен жа-сампаздық діні» атты ағылшын тілінде шыққан кітабының тұсаукесер рәсімі өтті. Оны Ұлыбританиядағы Қазақстан елшілігі ұйымдастырды. Оған Ұлыбританияның зиялы қауымы, оқу орындарының профессорлары, дипломатиялық корпус өкілдері мен университет оқытушылары және студенттер қатысты. Кешті Қазақстанның Ұлыбританиядағы төтенше және өкілетті елшісі Қайрат Әбусейітов ашып, жүргізіп отырды.
Оксфорд университеті Ислам зерттеу орталығының рhd докторы Басил Мұстафа сөз алып, былай деді: «Кітап өте күрделі тақырыптардың бірі, Қасиетті Құранның ғажап табиғатын зерттеуде де автордың оны оқырманға жеңіл тілмен түсінікті етіп жеткізуі сүйсіндірді. Ондағы тарихи мәліметтер қазақ даласының мәдени мұрасын тәптіштеп баяндайды. Дәйектер қазақ халқы көшпелі болды, солай өмір сүрді, қазақ жерінде қала мәдениеті болмады деген аңызды жоққа шығарады. Қазіргі Қазақстан аумағында Отырар, Тараз және Меркі, Түркістан, Исфиджаб-Сайрам, Женд, Сығанақ секілді, тағы да басқа мәдени және рухани орталықтар болған.
Кітап авторы Қасиетті Құран тақырыбын сөз еткенде, ар-ождан, адамгершілік, ізеттілік, сыпайылық, мейірім мен рақым жайлы ұғымдарға айрықша тоқталған. Ол ұғымдар Ислам дінінің негізгі қағидаларын айқындайды. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) елші етіп жіберілудегі не-гізгі мақсатты былай түсіндіреді: «Анығында мен көркем мінезді кемеліне жеткізу үшін жіберілдім». Алла Елшісінің (с.ғ.с.) бұл сөзі, әсіресе, қазіргі заманға қатысты. Ол барлық саланы, оның ішінде бизнес пен кәсіпкерлікті де қамтиды. Аталмыш еңбек жалпы оқырман қауымға өте пайдалы болады деп санаймын».
Кембридж университетінің азиятанушысы, профессор Сидхард Саксена: «Қазақстанға VІІІ ғасырда жеткен Ислам діні өзімен бірге мәдениет пен ағартушылықты ала келді. Философ Әбу Насыр әл-Фараби, сопылықты ұстанған Қожа Ахмет Йасауи ғылым, білім жолында аса маңызды еңбек етті. Шейх Әбсаттар қажы Дербісәлі хазреттің бұл кітабы қазақстандықтардың Исламға деген қосқан сүбелі үлесі және батыс оқырмандарына арнаған тартуы деп білеміз», – деді.
«Соңғы жылдары Еуропада Ислам фундаментализмі, лаң-кестігі деген шығып, жұртты дүрліктіруде. Қазақстан Бас мүфтиінің мына құнды еңбегі соны жоққа шағаруымен де құнды», – деді ол.
Халықаралық «Стейси» бас-пасының төрағасы Том Стейси мырза аталмыш еңбек жайлы жылы пікірін білдіре келе өз сөзінде: «Ақпаратқа толы кітап, оқырманға өте қызықты, ислам өркениеті туралы жан-жақты сөз еткен, өзіндік талдауымен, қазақ елінің Исламға қосқан үлесінің молдығы дәлелмен айтылған, парасаттылықпен жазылған ерекше шығарма», – деп баға берді. Сондай-ақ, ол Қазақстан Бас мүфтиінің бұл кітабының тағы қосымша шығарылатын мыңнан астам данасы АҚШ, Еуропа, Аустралия, Латын Америкасы, Азия және Африка елдерінде таратылатынын мәлімдеді.
Шейх Әбсаттар қажы Дербісәлі хазрет Қазақстанның Ұлыбританиядағы төтенше және өкілетті елшісі Қайрат Әбусейітовке аталмыш салтанатты ұйымдастыруға бастамашы болғаны үшін ризашылық білдіріп, кітапқа шолу жасады. «Бұл менің 20-шы кітабым. Бірақ ағылшын тіліндегі бірінші еңбегім», – деді Дінбасы. «Біз Орта Азия және Қазақстан халқы Ислам дінін, оның ішінде Ханафи мәзһабын ұстанып келе жатқанымызға 1000 жылдан ас-ты. Орта Азия және Қазақстанда шамамен 50 миллион халық тату-тәтті ғұмыр кешудеміз. Орта Азия және Қазақстан халқы Исламды тек қабылдау-шы ғана болып қалған жоқ. Біз Ислам өркениетін, мәдениетін байытуға үлес қостық. Имам әл-Бұхари, имам ат-Тирмизи, Әбу Райхан әл-Бируни, Ұлықбек, әл-Марғинани, әл-Хорезми, Әбу-л Қасым аз-Замахшари, Мұхаммед Захир ад-дин Бабур, Мұхаммед Хайдар Дулатилер – түркі халықтарының ортақ мақтанышы. Қазақ даласында Түркістан, Отырар (Фараб), Сығанақ, Сауран, Исфиджаб, Женд, Тараз, Баласағұн секілді үлкен Ислам орталықтары болды. Одан 30 фарабилер, түркістанилер барлығы 250-ден астам ғалымдар шықты.
Тәуелсіздікті бізге Алла тағала 1991 жылы берді. Біз қазір жаңа ел, жаңа мемлекет құрып жатырмыз. Ең қиын 1991-1995 жылдары, Президент Н.Ә.Назарбаев Еуропадағы, сондай-ақ, әлемнің басқа да үздік оқу орындарына жастарды жіберді. Англияда да бірнеше мың қазақ жастары оқиды. Қазір Қазақстан халқы 16 млн. Соның 70 пайызы мұсылмандар. 2500 мешіт бар. 1 Ислам университеті, 1 имамдардың білімін жетілдіру Ислам институты, 10 медресе бар. Дін жағынан ешқандай қысым жоқ. Президент Елордада Әлемдік діндер лидерлерінің үш съезін өткізді. Осының бәрі аталмыш кітапта айтылған».
Бас мүфти жалпы қазақ елінің рухани, мәдени, ғылыми тарихына тоқтала келе, Қазақстанның діні, ділі, кешегісі мен бүгініне назар аударды. Еліміздің салт-дәстүрі, өткені мен келешегі де асыл дінімізбен біте қайнасып жатқандығын, қазақ халқының өзіндік әдебиеті мен мәдениеті бар өркениетті ел екендігін қадап айтты. Қазақ жерінен бүкіл әлемге әйгілі Әбу Насыр әл-Фараби, Қауам ад-Дин әл-Итқани (Иқани) әл-Фараби ат-Түркістани, Хұсам ад-Дин Сығнақи, Мұхаммед Хайдар Дулати секілді мәшһүр ғалымдар шыққандығын айта отырып, олар-дың шығармашылығына тоқталды.
Кеш соңында шейх Әбсаттар қажы Дербісәлі хазрет кітапты басып шығарған халықаралық «Стейси» баспасының төрағасы Том Стейси мырзаға ризашылығын білдірді.
Кездесуге Ұлыбританиядағы Қазақстан елшілігінің қызмет-керлері, сондай-ақ ҚМДБ-ның халықаралық байланыстар және хаттама бөлімінің меңгерушісі Нұржан Маханов қатысты.
Салтанатты шараны Ұлы-британиядағы «Хабар» телеар-насының өкілдері түсіріп алып, 7 наурыз күні Қазақстан жұртшы-лығына көрсетті.
2 наурызда Дінбасы қасиетті жұма күні Лондон орталығындағы Ұлыбритания Орталық мұра-жайында Англия және Сауд Арабиясы Корольдігімен бірлесіп ұйымдастырылған қажылық көр-месін тамашалады. Мұражай-дың кураторы Венеция Портер ханым қадірменді қонаққа көрме залындағы жәдігерліктерді көр-сетіп, мұражайды аралатты. Кездесу соңында аталмыш көрме жайлы сөз ететін кітапты тарту етті. Бұдан соң Дінбасы атақты жазушы, Артур Конан Дойл тұрған Бейкер стрит көшесінде оның үй-мұражайында болып, тарихи жәдігерліктерін көрді.
Бас мүфти, шейх Әбсаттар қажы Дербісәлі хазрет жұма намазын Лондондағы көбіне түркілер шоғырланған аудандағы «Азизия» мешітінде оқыды. Мешіт имамы Фахри Балтан және әрі ұстаз, әрі азаншы, ұлты қазақ бауырымыз Метин Елші Дінбасына жамағатқа уағыз айтуды өтінді. Бас мүфти хазрет әлемдегі тыныштық, діндер мен ұлыстараралық түсіністік пен достық, сыйластық жайлы уағыз айтты. Дінбасы еліміздегі 26 ұлттан тұратын мұсылмандар мен өзге де ұлт өкілдерінің Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың салиқалы сая-сатының арқасында тату-тәтті өмір сүріп жатқандығын, ынтымақ пен бірлік арқасында Қазақстанның мұсылман елдері арасынан суырылып шығып, ЕҚЫҰ секілді үлкен ұйымға былтыр төраға болғанына тоқталып, әлем халықтарына тыныштық пен сыйластық, мұсылмандарға бірлік пен татулық тілеп, бата жасады.
Ғибадаттан соң мешітте Лондонда тұратын қазақ диаспо-расымен кездесіп, сұхбаттасты. Шаһарда 30-дан астам қазақ отбасы тұрады екен. Сол бауырларымыз Дінбасына келіп сәлемдесіп, танысты. Осындағы қазақ диас-порасының төрағасы Исмаил Кесиджи мен жергілікті кәсіпкер бауырымыз Абдуссалам Саваш Дінбасы құрметіне қонақасы беріп, игі тілектер білдіріп, қазақтың дәстүрімен иығына шапан жапты. Кездесу соңында естелік үшін суретке түсті.
Ұлыбританияда бірқатар шір-кеулерді Еуропаның басқа да елдеріндегідей ешкім бармай қаңырап бос қалғандықтан, түркиялық бауырларымыз сатып алып, мешітке айналдырыпты.
Жалпы 10 млн. тұрғыны бар Лондонның 2 миллионы мұсылман. Шаһарда 300-ге жуық мешіт, ал намазханалармен қоса есептегенде 1000-нан астам Алла үйі жұмыс істеуде. Бұл осындағы мұсылман жамағатының бірлігі мен ынтымағы үлкен қауымға айналғандығын аңғартады.
3 наурызда Бас мүфти Алматыға қайтып оралды.

ҚМДБ-ның халықаралық қатынас және хаттама бөлімі

Пікір қалдыру

Әлеуметтік желі арқылы кіру: 

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Келесі жазба

Мәуліт кештері жалғасын тапты

205 Алматы өңірі. «Қарасай батыр» мешіті мен «Шамалған» медресесінің ұйымдастыруымен Мәуліт кеші өтті. «Шамалған» медресесі шәкірттерінің «Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарымыздың дүниеге келуі» атты қойылымы ешкімді де бей-жай қалдырмады. ҚМДБ-ның діни оқу-ағарту бөлімінің меңгерушісі Смайл Сейтбеков Алла елшісінің (с.ғ.с.) туылған күні жайында сөз қозғады. Сержан Әли әдемі әнін орындаса, термеші Ақылбек Сәкенұлының […]