Тәжіктер

publisher

Жалпы саны Шамамен 20 миллион адам
Мекен ететін аумағы Ауғанстанда – 8 млн. адам

Тәжікстанда – 6,3 млн.

Өзбекстанда – 1,2 млн.

Пәкістанда – шамамен 1 млн.

Ресейде – 200 мың, т.б.

Тілі Тәжік, дари тілдері
Діні Басым бөлігі мұсылман-сүнниттер
Нәсілі Еуропеоид нәсілінің памир-ферғана бөлігі
Туысқан халықтары Парсы тектес халықтар

 

Тәжіктер – қазіргі Иран мемлекетінің шығыс және солтүстік-шығыс жағындағы көршілес аймақтарды (Ауғанстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Қырғызстан және Пәкістан аумақтарында жатқан) мекендейтін парсы тектес халық.

Тәжіктер бұл өлкелерде өзбектермен және пуштундармен аралас-құралас өмір кешеді. Мәселен, Ауғанстан астанасы Кабул халқының (3 млн. адам) 45 пайызын тәжіктер құрайды. Ал Өзбекстанның Самарқан, Бұхара қалалары негізінен тәжік тілді болып табылады.

Тәжіктердің әдеби тілі ХХ ғасырға дейін Ирандағы парсылар тілімен біртұтас болатын. Алайда, Кеңес Одағы кезінде солтүстік парсылары (Самарқан, Бұхара, Тәжікстан аумағы парсылары) «тәжіктер» деген атаумен жаңа ұлт ретінде қалыптасып, орыс және өзбек тілдерінен қоспалар енгізілді. Тәжік ғұламалары ХХ ғасыр басындағы тәжік тілінің алдымен араб әліпбиінен латыншаға, кейін кириллицаға көшірілуін оларды басқа парсы әлемінен әдейі бөліп тастау ретінде қарайды.

Ислам діні алғаш келген дәуірден бері ханафи мәзһабын ұстанады. Бұл халық әлемге Әбу Ханифа және Бұхари секілді әйгілі мұсылман ғұламаларын сыйлаған. Сондай-ақ, сопылықтағы Нақшбандия тариқаты да Бұхара өлкесінде өмірге келді.

Пікір қалдыру

Әлеуметтік желі арқылы кіру: 

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Келесі жазба

Апта жаңалықтары

1  109 Вице-министрді қабылдады Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Астана қаласындағы ғимаратында Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Марат Әзілхановты және ҚР Дін істері комитетінің төрағасы Ғалым Шойкинді қабылдады. Ресми басқосуға наиб мүфти Серікбай қажы Ораз, ҚМДБ-ның бөлім меңгерушілері мен Дін істері комитетінің өкіл-дері қатысты. Кездесуде қоғамдағы өзекті […]