ТАУЫП АЙТЫЛҒАН СӨЗ

publisher

Имам Қуртуби былай баяндайды: «Иса әлҺашими жұбайын қатты жақсы көретін. Бір күні оған: «Айдан да сұлу болмасаң, үш талақпен боссың», – деп айтады. Осыдан кейін жұбайы: «Сен менімен ажырастың, сондықтан мен саған халал емеспін!» – деп одан бойын аулақ ұстайды.

Иса бұған қатты қайғырып, бұл мәселені түсіндіру үшін Халифа Мансұрға барады. Халифа фиқһшыларды шақыртып алып, олардан пәтуа сұрайды. Сонда жиналған ғалымдардың барлығы әйелдің талақ етілгендігін алға тартады. Тек қана Әбу Ханифаның шәкірттерінен бір кісі үн қатпайды.

Мансұр оған: «Сен неге үнсіз қалдың?» – деп сұрайды. Сонда әлгі фақиһ кісі: «Уа, мүміндердің әміршісі! Ұлы Алла: «Біз адамды ең көркем бейнеде жараттық», – деген. Сондықтан жаратылыс, сыртқы бейне тұрғысынан болсын, яки заттық һәм рухани көркемдік тұрғысынан болсын адамнан өткен сұлу еш нәрсе жоқ», – дейді. Оған Халифа Мансұр: «Дұрыс айтасың», – деп әлгі кісінің жұбайын күйеуіне қайтарады. Және де фақиһтің тапқырлығына дән риза болғандықтан, оған мол сый-сияпат жасайды.[1]

Нұрбол ӘБСАТТАРҰЛЫ


[1] Мухаммәд Али Әс-Сабуни, Сафуатут-Тәфәсир, Энсар нешрият 7/355-359.

Пікір қалдыру

Әлеуметтік желі арқылы кіру: 

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Келесі жазба

ҰЛЫЛАР ҰСТАЗЫН ҚАЛАЙ ҚҰРМЕТТЕДІ?

490 Жарық дүниенің есігін ашып, ес кіре бастағаннан әр адам дүниені танып-білуге талпынады. Сұрақ қойып, жауап алғысы келеді. Осы жолда ол бір адамға ерекше қарыздар. Ол – ұстаз! Дүниеде мамандық атаулының төресі – ұстаздық. «Ұстаздық – барлық мамандықтың анасы» дейді дана халқымыз. Себебі, ұстаз алдынан дәріс алмайтын адам жоқ. Ұстаз […]