Тәуелсіздік күніне орай уағыз айтты

publisher

Орал облыстық орталық мешітінде Тәуелсіздік мерекесіне орай Отан, туған ел жайында жұма уағызы айтылды.
Жұма намазға жиналған жамағатты ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкіл имамы Бауыржан Әлиұлы егеменді еліміздің Тәуелсіздік күнімен құттықтап, ҚМДБ мен Орталық Азия мүфтилер кеңесінің төрағасы, Бас мүфти шейх Әбсаттар қажы Дербісәлінің «Дін және отан», ҚМДБ-ның уағыз-насихат бөлімінің «Отанды сүю иманнан» атты мақалаларынан мысалдар келтіріп, тақырып жамағатқа кеңінен түсіндірді.
Тәуелсіздік бізге оңай келген жоқ. Бабаларымыз сан ғасыр бойы аңсаған, найзаның ұшымен, білектің күшімен қорғап, ұлан-ғайыр жерді бізге аманат еткен, аталарымыз Алладан тілеп, дұға қылған, кешегі 1986 жылғы боздақтарымыздың қайсар рухымен келген азаттық бұл. Сондықтан тәуелсіздік күні біз үшін ең ұлық, ең тұғырлы мереке, – деді өз сөзінде Орал облыстық орталық мешітінің Бас имамы Б.Әлиұлы.
Жұма намазынан кейін тәуелсіздік жолында құрбан болған ата-бабаларымыз бен қайсар қазақ жастарының рухына Құран сауабы бағышталды. Орталық мешіттің ақсақалы Дәулетжан ата бата беріп, Жаратқаннан елімізге тыныштық, жерімізге амандық тіледі.
Нұрлан САМАТҰЛЫ,
Орал облыстық орталық
мешітінің баспасөз хатшысы

Пікір қалдыру

Әлеуметтік желі арқылы кіру: 

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Келесі жазба

Конференция: өзекті мәселелер

235 Жуырда Атырау мұнай және газ институтында «Дініміз – Ислам, мәзһабымыз – Әбу Ханифа» тақырыбында ғылыми-практикалық конференция өтті. Оған Атырау облыстық «Иманғали» мешітінің наиб имамы Е.Қарақұлов, «Тарлан-Атырау» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Ж.Саттарқызы, «Шапағат» теріс діни ағымдардан шапа шеккендерге кеңес беру орталығының қызметкері А.Медетов, облыстық дін істері департаментінің бас маманы Қ.Мұсаев, т.б. […]