Сыр ақпараттары

publisher

Облыс әкімі мешітте болды
Жуырда Қызылорда қалалық «Айтбай» мешіті мен облыстық «Ақмешіт-Сырдария» мешітіне облыс әкімі Қырымбек Көшербаев, қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, т.б. бірқатар басшылар ат басын бұрды.
Облыс әкімі күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан қалалық «Айтбай» мешітінің хал-ахуалын көзбен көріп, тұрмыс-тіршілігімен танысып, кейін «Ақмешіт-Сырдария» мешітіндегі сауат ашу орталығын салатын жерді көріп, құрылыс жоспарларымен танысты. Мешітке кіріп Құран оқытып, ел ынтымағы мен бірлігін тілеп дұға етті.
Өткен жылдан бері аудандармен тұрақты сабақ өткізіліп келген «скайп» жүйесі арқылы облыс әкімі аудан имамдары және жамағатымен тілдесті.
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша
өкілдігінің баспасөз қызметі

Бас имам алқалы жиын өткізді
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілі Т. Омаров қала, аудан имамдарын жинап алқалы жиын өткізді. Осы уақытқа дейін барлық жиындар орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінде өткі-зіліп келген болатын. Осыдан бастап келесі үлкен семинарларды кезекпен әр мешітте өткізу көзделіп отыр. Аталмыш бастаманың алғашқы жиыны 60 жылға жуық тарихы бар қалалық «Нұр» меші-тінде өтті.
Жиын басында өкіл имам аудан және қала имамдарына жаңа сайланған мүфти жайлы сөз етіп, Елбасының ҚМДБ өкілдерімен кездескен кезде айтылған бірқатар тапсырмалар мен ұсыныстарға жеке-жеке тоқталып өтті.
Дін саласындағы өзекті мәселелер кеңінен талқыланды. Осы мақсатта облыс әкімдігі мешіт жанынан оқу орталығын ашуды жоспарлауда. Бұл орталықта білікті дінтанушы теологтар арнайы шақыртылып дәрістер өткізеді.

Отбасы – тіршілік ұясы
Қызылорда қалалық медициналық колледжінде «Жас отбасы. Әлеумет пен мемлекет» атты тақырыпта ауқымды конференция болып өтті. Оған Қызылорда облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасы бастығының міндетін атқарушы Ж. Базартай, Қызылорда облыстық ардагерлер кеңесінің мүшесі, батыр ана Ұ. Естаева, «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің наиб имамдары А. Нұрахметұлы мен А. Жұбанов, т.б. қатысты.
Шарада отбасы жайлы сөз болып, дін мамандары Исламдағы шаңырақ құрудың пайдасы мен сауабын түсіндіріп берді.

Насихат тобының сапары басталды
Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының тапсырмасына сай, ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі арнайы үгіт-насихат тобын жасақтап, аудандарға аттанып кетті. Бас имам Т. Омаров бастаған топ құрамында бес білікті имам бар.
Насихат тобы алғаш болып Жаңақорған ауданына ат басын тіреп, 10 жерде кездесу өткізді. Атап айтқанда, Жаңақорған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінде, аталмыш ауданның аграрлық колледжінде, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде және жергілікті алты мектепте болған топ асыл дініміздің құндылықтарын жамағатқа кеңінен түсіндірді.
Осы бағыттағы кездесулер Шиелі, Сырдария, Жалағаш аудандарында да жалғасын тауып, үгіт-насихат тобы барлығы 40 кездесу өткізуді жоспарлап отыр.
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша
өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікір қалдыру

Әлеуметтік желі арқылы кіру: 

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Келесі жазба

Тастағы "Алла" жазуы

191 Жаратқанның шеберлігінде шек жоқ! Қайда қарасаң да, көкірек көзі ашық жан үшін Алла тағала өзінің белгілерін көрсетіп қойған. Оған мысалдар жетерлік: тауларда, жан-жануарларда, тіпті адамның өзінде қаншама белгі бар! Кейінгі жылдары жиілеп кеткен әр нәрседен «Алла» жазуының пайда болуы өз алдына бір төбе әңгіме. Сондай оқиғаның бірі біздің ауылда […]