Шалғай ауылдағы шара

admin

ҚМДБ-ның Маңғыстау облысы бойынша өкілі Тілепберген қажы Жакиев облыс орталығынан ең шалғай жатқан (500 км) Боранқұл ауылында болып қайтты. Іссапар барысында өкіл имам ауыл тұрғындарынп кездесіп, еліміздегі бүгінгі діни ахуал жөнінде әңгімеледі. Ауылдағы барлық кездесулерге аудандық Ішкі саясат басқармасының бастығы Бақыт Құсайынова, «Жастар ісін үйлестіру» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері, ауыл әкімдігінің өкілі, мектеп директорлары қатысты.
«Бекет ата» мешітінің ұстазы, теолог Қажымұқан Төлеумағанбетов екі аптаға осы ауылға қалатын болды. «Қажымұқанды кез келген уақытта ауыл мешітінен табуға болады. Өздеріңізді толғандырып жүрген мәселелер болса, мешітке келіп осы ұстазға жолығыңыздар», – деп Тілепберген қажы оны ауыл тұрғындарына таныстырды.
Жауғашты қажы НӘРЕНБАЙҰЛЫ,
ҚР Журналистер Одағының мүшесі,
Бейнеу ауданы

Пікір қалдыру

Әлеуметтік желі арқылы кіру: 

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Келесі жазба

Өкіл имаммен жүздесті

294 ҚМДБ-ның Қостанай облысындағы өкіл имамы Серікбай қажы Сатыбалдыұлы жақында Әбдімәулен Баешев басқаратын Қостанай гуманитарлық колледжінде студентерімен кездесті. Ол Ислам дінінің құндылықтары және қазіргі таңдағы аса өзекті тақырыптар жөнінде әңгімеледі. Сондай-ақ, ұстаздар мен жастардың сұрақтарына нақты жауап берді. Колледж өміріне қанықты. Мұндай басқосулардың әрқашан да оқу орындарында өткізілуі пайдалы екендігіне […]