Саудия сенбіні демалыс қылмақ

publisher

Сауд Арабиясы корольдігінің мемлекеттік консуль-тациялық кеңесі (шура) елдегі ресми демалыс күндерін бейсенбі-жұмадан жұма-сенбі күндеріне ауыстыру мәселесін қарастыруда. Бұл жөнінде шура басшысының көмекшісі Фаххад бин Муатад аль-Хамад мәлімдеді.
Бүгінгі таңда Парсы шығанағындағы елдердің басым бөлігі жұма-сенбі күндері демалады. Бұл жүйеге ағымдағы айда Оман елі де көшкен болатын. Аталмыш елдер мұндай қадамға өз жұмыс күндерін әлемдік қаржы және қор нарығының жұмысымен сәйкестендіру үшін барып отыр. Өйткені қазіргі таңда Саудияның аптадағы 5 күндік жұмысы әлемдік нарықтың 3 жұмыс күніне ғана сәйкес келеді. Бұл банктер мен қаржы компанияларына да қатысты мәселе. Ал Саудия қаржы нарығы араб әлеміндегі ең ірі биржалардың бірі екенін ескерсек, әлемдік қаржы айналымында келеңсіздік орын алары белгілі.
Десек те, елдегі консервативтік көзқарастағы мұсыл-мандар демалыс күндері ауысатын болса, яһудилердің күнімен сай келетінің айтып, қарсылық білдіруде. Қалай болғанда да соңғы сөзді билік айтатыны белгілі.

Пікір қалдыру

Әлеуметтік желі арқылы кіру: 

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Келесі жазба

Криштиану Роналдуға Құран сыйлады

232 Саудиялық «Mobily» ұялы байланыс операторының өкілдері белгілі футболшы, Португалия құрамасы мен «Реал Мадрид» клубының ойыншысы Криштиану Роналдуға Құран Кәрімнің португал тіліндегі аударма-мағынасын сыйлады. Футболшы аталмыш байланыс операторымен жарнамалық келісім-шартқа отырған болатын. Соған орай, алдағы 3 айда Роналду жарнамалық бейнероликтерге түседі. Түсірілімдер Саудияның астанасында өтетінін айта кеткен жөн. Бұған дейін […]