Рамазан акциясы: «Автобуста тегін жүріңіз!»

publisher

Алматы қаласындағы «Орбита» мешітінің ұйытқы болуымен шаһар-дағы №63-ші бағыт бойынша жүре-тін автобуста қасиетті Рамазан айының құрметіне оразаның бірінші күні жолаушылардың тегін жүруіне мүмкіндік жасалды.
Мұндай айтулы іс-шараның ұйымдастырылғанына қала тұрғын-дары алғыс-тілектерін айтып, өз ілтипаттарын білдіруде. Біз де жолаушылармен аз-кем тілдесіп, пікір алмасқан едік. Тіпті өзге ұлт өкілдері де жылы лебіздерін білдіріп жатты.
Роман ГОЛЯБИН, жолаушы, ұлты орыс:
– Мен мұндай шараны бірінші рет көруім. Ораза жайлы хабарым аз. Дегенмен, қасиетті айдың келгенін сезініп, әсер алып отырмын. Барша қазақстандықтарды Рамазан айымен құттықтаймын. Қайырымдылық акциясын ұйымдастырған мешіт қызметкерлеріне алғысымды айтамын.
Балабек МЕЙМІШОВ, жолаушы, ұлты түрік:
– Мен жыл сайын ораза ұстаймын. Рамазанның алғашқы күнінде халықты имандылыққа шақыратын акцияларды ұйымдастыру өте орынды. Автобусқа кіре салысымен көзім көліктегі «Рамазан айы құтты болсын!», «Ораза қабыл болсын!» деген жазуларды көріп, кәдімгідей қуанып қалдым. Іштей сүйсініп, құлшылыққа деген құлшынысың арта түседі екен.
Жолдас НҮСІПОВ, жолаушы:
– Барша мұсылманды Рамазан айымен құттықтаймын. Осы акция арқылы оразаның мұсылмандар үшін мереке екенін сезініп, көңіліміз көтеріліп қалды. Бұл акция адамдарға әсер етпей қоймайды деп ойлаймын. Өйткені, мүмкін осындай шаралар өзге адамдардың ораза ұстауына септігін тигізер. Ұйымдастырушыларға Алла разы болсын деп айтқым келеді. Рамазан елімізге, жерімізге береке жаудырып, Алла тағала халқымыздың имандылығын арттыра берсін.
Асан ТІЛЕУБЕРДИЕВ, «Орбита» мешітінің бас имамы:
– Бас мүфтиіміз Ержан қажы Малғажыұлы Рамазан айын жоғары деңгейде өткізу мақсатында халық игілігі үшін қайырымдылық шаралар мен акциялар өткізуге пәрмен берді. Айтулы акцияны өткізудегі мақсатымыз – халыққа Рамазанның келгенін сезіндіру, ораза ұстауға деген ниеті мен ықыласын ояту, адамдарды жақсылыққа жұмылдыру. Бұл да бір насихат деп білеміз. Мүмкін адамдар ораза, Рамазан деген сөздерді оқып, имандылыққа бет бұрар деген үміттеміз. Бір мысал, өткен жылы «Орбита» мешітінің атынан 60 мың дана бүктеме (буклет) шығарғанбыз. Бір жігіт таксиде кетіп бара жатып әлгі бүктемедегі оразаның артықшылығы мен пайдалары жайлы мақаланы оқып, алғаш рет ауыз бекіткен екен. Осындай жағдайларға куәміз. Сондықтан біз амал ете берсек, Алла тағала нәтижесін береді.
«Орбита» мешітінің баспасөз қызметі

Пікір қалдыру

Әлеуметтік желі арқылы кіру: 

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Келесі жазба

«Асыл арна» телеарнасында болды

196 Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы «Асыл арна» телеарнасында болды. Жиын барысында Ержан қажы Малғажыұлы ата дініміз бен ұлттық құндылықтарымыздың кеңінен насихатталуына атсалысып келе жатқан ұжымның тыныс-тіршілігімен жақынырақ танысып, арнаның алдағы жұмысына қатысты бағыт-бағдар берді. Телеарна басшылығы да өз кезегінде Бас мүфтидің арнайы келгенін […]