Құран жарысы өтті

publisher

Облыстық мешітте Құран оқудан жарыс өтіп, республика көлемінде өтетін шараға үміткерлер іріктелді.
12 қазанда өткен бұл жарыста «Орал» медресесінің он екі шәкірті бақ сынасты. Облыстың бас имамы Руслан Тыныштықұлы кешті өзі бастап ашып, шәкірттерге сәттілік тіледі. Алты адамнан тұратын қазылар алқасы әрбір талапкерді үш түрлі сыннан өткізді. Яғни, әркім өзі дайындалып келген сүрені мақамына келтіріп орындап беру, келесі сында қазылар мүшесі отызыншы парадан келтірген аятты әрі қарай жалғастырып әкету, соңғы сында Құран кәрімнің кез келген бетінен аятты жүргізіп оқып беру керек болды.
Қазылар алқасы әр курс бойынша Р. Бейтеуов (III курс), Қ. Сидалиев (II курс), Д. Пилтанды (I курс) жеңімпаз ретінде анықтады.
ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкілдігінің
баспасөз қызметі

Қарттарым – асыл қазынам
«Орал» медресесінің шәкірттері қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі Орал медициналық әлеуметтік мекемесінде «Қарттарым – асыл қазынам» атты діни-танымдық кеш өткізді.
Мұндағы мақсат – күллі мұсылман жұртының Құрбан Айт мерекесі қарсаңында көңілі күпті қарияларымызға қуаныш сыйлап қайту еді. Құран оқумен ашылған кеш барысы илләһи әндермен жалғасып, имани әсер қалдыра білді. Мағынасы терең, маңызы басым көрініс те көпті көрген көрермендердің көзіне жас үйіртті. Қазыналы қарттарымызға облыстың бас имамы Руслан Тыныштықұлының Құрбан айтпен құттықтауы жеткізілді.
Батыс Қазақстан облыстық
мешітінің баспасөз хатшысы

Пікір қалдыру

Әлеуметтік желі арқылы кіру: 

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Келесі жазба

Қағбаның жабыны ауыстырылды

228 14 қазан күні таң намазынан кейін қажылыққа келген мұсылмандар Қағба қисуасының (дәстүрлі қара жабыны) ауыстырылу жұмыстарының куәсі болды. Жаңа қисуаның құны 6 млн. долларды құраған. Қағба жабынын жасайтын фабриканың бас директоры Мұхаммед Абдолла Бажуданың сөзінше, оның кәсіп-орнында 240 адам жұмыс істейді екен. Бұл жерде ұзын-дығы 16 метр болатын ең […]