Құран және азан жарыстары өтті

publisher

Орал қалалық мешітінің бас имамы Ә.Нұрмаханұлының ұйым-дастыруымен сәуірдің 10-ы күні Құран кәрімнің соңғы екі парасын тәжуид ережелеріне сай жатқа мәнерлеп оқу мен азанды әуенді дауыс ырғағымен айтудан байқау өтті. Іріктеуден өткен 45 азамат қатысқан мұндай ауқымды сайыс қаламызда алғаш рет өткізіліп отыр. Жас ерекшеліктеріне шектеу қойылмаған бұл жарысқа бақтарын сынау үшін «Орал» медресесі студенттері, діни сауат ашу курстарының шәкірттері, мешіт жамағаты және аудан мешіттерінде сауаттарын ашып жүрген азаматтар мен БАҚ өкілдері де қатысты. Оларға медресе ұстаздары мен облыс мешіттерінің имамдары қазылық етті.
Алғашқы болып сөз сөйлеген Орал қалалық мешітінің бас имамы Ә. Нұрмаханұлы қатысушыларға сәттілік тілеп, жарыс талаптарын түсіндірді. Мешітке жамағат лық толып, соңына дейін қатысты.
Ең алғаш Құран жаттағандар бақ сынасты. Олардың ең жасы Жаңақала ауданынан келген он екі жасар Каспий Әлімбек болатын. Азан жарысында 22 азаншы бақ сынасты. Оған мешітіміздің ақсақалдары да қатысқан болатын.
Құран жарысының қорытындысы бойынша 1-орын Р. Битеуовке (90 мың теңге), 2-орын Қ.Сидалиевке (60 мың теңге), 3-орын Ә.Темірболатовқа (40 мың теңге) берілді. Ал, азан жарысында 1-орын С. Қанатқалиға (35 мың теңге), 2-орын Ә. Каспийге (25 мың теңге), 3-орын Е. Абжановқа (15 мың теңге) тиесілі болды. Қалған қатысушылардың барлығына алғыс хаттар мен қасиетті Құран Кәрім сыйға тартылды.
Болашақта мешітіміз фиқһ, ақида және хадис ілімдерінен де осын-дай сайыстар өткізуді көздеп отыр.
Нұрлан Саматұлы,
ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкілдігінің баспасөз хатшысы

Пікір қалдыру

Әлеуметтік желі арқылы кіру: 

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Келесі жазба

Балалар үйіндегі қайырымдылық

276 8 сәуір күні ҚМДБ-ның Астана қаласы бойынша өкілі, «Нұр Астана» мешітінің бас имамы Наурызбай Өтпенов бастаған бірнеше дін қызметкері Астана қаласы әкімдігінің «Балалар үйі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде болды. Онда бас имам Наурызбай Тағанұлы тәрбиеленуші жасөспірімдерге қазақ және орыс тілдерінде дәстүрлі діннің құндылықтары, көркем мінез-құлық және ұстазды құрметтеу тақырыптарында уағыз-насихат […]