Құлшылық

publisher

Ниет қылам сыйынып бір Аллаға,

Жүзім бұрып бағытым құбылаға.
«Сүбханака», «Фатиха», «Ықыласпен»
Жүрек шіркін бөленер шұғылаға.

«Аллаһу акбар» айтамын сан бүгіліп,
Тұла-бойым кеткендей бәрі үгіліп.
Күбірлеп «Аттаһият», «Салауатты»
Дұға қылам Аллаға мың жүгініп.

Дұға етемін Аллаға жылап тұрып,
Зікір қылып, кешірім сұрап тұрып.
Бұл фәниден бір күні қайтқанымда
Бере гөр деп жәннатты тұрақ қылып.

Тілегім қара бастың қамы да емес,
Дүние, мал жинамақ – бәрі де емес.
Ел аман, бауырларың бүтін болса,
Байлық сол болашағың мәңгі өлмес!

Жалғанның қызығына көзің тоймас,
Менімен жер қойнауы сірә толмас.
Бір ауыз сөзім қалса естеріңде,
Өлсем мейлі өлейін, арман болмас!

Замандасқа

Пендем қалай қылар деп
назар салған,
Алланың сынағына бар ма талғам?!
Ақтың ашық бір жағы деген бар ғой
Сабыр етем, шыдаймын,
жетсе шамам.

Ашу – дұшпан, өсек сөз
жаудан жаман,
Жолаған бұл пәлеге қалмас аман.
Қақпан жауып ауызға, аранға да
Бір Аллаға сыйынсаң, болар дұғаң.

Шайтан сонда әлсірер іріп-шіріп,
Жоғалады тірідей көрге кіріп.
Адам деген атыңа кір келтірмей,
Жүрсе ғой осы сөзді әркім біліп.

Өмірді тым ұзақ деп білетіндер,
Өтірік-өсек айтып күлетіндер.
Өздерінің өздері көрін қазып
Тозақта тірі өртеніп жүретіндер.

Өмір деген алдамшы түлкі құсап,
Дүние шырмауықтай алар тұсап.
Таудан биік, даладан кең болсаң да,
Боларсың құрт-құмырсқа
жемтігі ұсақ.

Дүние жалған дейді баяны жоқ,
Ақыр табар өзіңді «қаңғыған оқ».
Көңілге қаяу салмай жақыныңның
Зиянсыз жүрген жанның көңілі тоқ.

Көңілдің ағы аздау, қарасы көп.
Сөзімнің шыны аздау, жаласы көп.
Қиянат көрсем де өзім, көрсетсем де,
Қайта айналып өзіме тиеді дөп.

Біреуге айтсам бірге сөзім жетпес,
Жеткен соң санасына естен кетпес.
Құрбының шер тарқатар
сыры ғой деп,
Естіген бұл сөзімді айып етпес!

Орынгүл Смағұл,
Жаңаөзен қаласы

Пікір қалдыру

Әлеуметтік желі арқылы кіру: 

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Келесі жазба

Түркімендер

729 Жалпы саны Шамамен 8 млн. адам Мекен ететін аумағы Түркіменстанда – 4,2 млн. Иранда – 1,3 млн. Ауғанстанда – 932 мың. Өзбекстанда – 152 мың. Пәкістагда – 60 мың. Ресейде – 36 мың. Тәжікстанда – 15 мың, т.б. Тілі Түркімен тілі Діні Мұсылман-сүнниттер Нәсілі Еуропеоидтық нәсілдің моңғолоидтық элементтер араласқан […]