Қостанай жаңалықтары

publisher

Қарттарға құрмет көрсетілді
Ұзынкөл ауданының Бас имамы Есенгелді қажы Әжімахантегі жыл сайын Халықаралық қарттар күніне орай аудандағы ақсақалдар мен ақ жаулықты аналардың басын қосып, ілтипат танытып отырады.
Биыл да Ұзынкөл ауданына қарасты елді-мекендерде тұратын 200-ге жуық ардагерлер мен зейнеткерлерді шын жүректен құттықтап, оларға ұзақ ғұмыр тіледі.
Әрқайсысына естелік ретінде сыйлық тапсырды.

Жаңа мешіт ашылды
Жуырда Қостанай облысына қарасты Сарыкөл ауданындағы Тимирязев ауылының мұсылмандар қауымы үлкен қуанышқа кеңелді. Онда Алланың жердегі үйі – мешіт ашылды.
Жиналған қауым алдында облыстың бас имамы С.Ораз бен аудан әкімі А.Тұрсынов сөз сөйлеп, ауыл тұрғындарын көптен күткен қуаныштарымен шын жүректен құттықтады.
Осынау мешіттің салынуына іскер бауырымыз Меңдібай Омаров демеушілік етті. Ауылдағы ұйымдастырылған ат жарысы, күрес пен әсерлі концерт те халықтың көңілінен шықты.
Оразалы Жақсанов,
Қостанай облысы

Пікір қалдыру

Әлеуметтік желі арқылы кіру: 

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Келесі жазба

Атырау жаңалықтары

214 Қарттар қайырымдылықтан қалыс қалмайды «Иманғали» орталық мешітінің наиб имамы М.Ғазизов бастаған топ Атырау облыстық мүгедектерге арналған медициналық-әлеуметтік мекемесінде болды. Қарттармен жүздесіп, мерекелерімен құттықтап, оларға 50 мың теңге көлемінде қайырымдылық шарасын көрсетті. Адамзаттың асылы, ардақты пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) өзінің хадисінде: «Үлкендерін құрметтемеген, кішілерге мейірім етпеген адам бізден емес», – деген […]