Қолдаушым да Өзің, сенерім де Өзің!

publisher

Жаратылыстан теңі жоқ Аллам!

Құлына титтей кегі жоқ Аллам!
Пендесін дайым жарылқап тұрар,
Мейрімінің шегі жоқ Аллам!

Пәк ниеттердің тұрағы Аллам!
Имандылардың ұраны Аллам!
Жаһанға түгел жан берген Өзі,
Бейбітшіліктің тұмары Аллам!

Пенде ғып бізді жаратқан Аллам!
Ұрпақтан-ұрпақ таратқан Аллам!
Иманым – Өзің сыйлаған сыйың,
Жүрегім тынбас мадақтан Аллам!

Ғаламға алуан жан берген Аллам!
Бойына қуат, нәр берген Аллам!
Біреудің дәмін тезден тауысып,
Біреуге жаңа таң берген Аллам!

Ғарыпқа бақыт сүйдірген Аллам!
Тасбауыр жерді идірген Аллам!
Тобасы барға ықыласын төгіп,
Тобасыздарды күйдірген Аллам!

Санамнан мәңгі өшпейтін Аллам!
Ешқашан мұңлық кешпейтін Аллам!
Әлемді шебер жаратқан Аллам!
Құлдарын әр сәт еститін Аллам!

Тек қана өзің табынар Аллам!
Екі дүниеде бағынар Аллам!
Қолдаушым да Өзің, сенерім де Өзің,
Кеңшілік тілеп жалынар, Аллам!

Құлыңа дәйім қуат бер, Аллам!
Ұрпаққа нұрлы мұрат бер, Аллам!
Пәни дүниеде нұрыңды сыйлап,
Бақидан жайлы тұрақ бер, Аллам!

Еліме тыныш өмір бер, Аллам!
Еріме сабыр, сенім бер, Аллам!
Адасқандарды кеше гөр, Аллам!
Тілекті қабыл ете гөр, Аллам!

Нұрболат Серікұлы,
Өрнек ауылы,
Ақкөл ауданы,
Ақмола облысы

Пікір қалдыру

Әлеуметтік желі арқылы кіру: 

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Келесі жазба

Намаз – ұлы әмір

562 Бассыз адамның болмайтыны секiлдi, намазсыз да дiннiң болуы мүмкiн емес. Намаз – Ислам дiнiнде иманнан кейiнгi орындалуы қажеттi парыз. Алла Тағала құлдарының тек Өзiне ғана құлшылық жасауы үшiн намазды парыз қылды. Құран Кәрiмде жүзден астам аятта «Намаз оқыңдар» деген әмiр кездеседi. Хадис-шәріпте: «Алла Тағала, әр күнi бес уақыт намаз […]