Қоғамдық қор имамдарға көмек көрсетеді

publisher

Имамдардың қызмет атқару мүмкіндігін жақсарту, олардың әлеуметтік жағдайына назар аудару, іс-қызметтерінің мүмкіндіктерін арттыру үшін Павлодар облысында құрылған «Әбу Ханифа» қоғамдық қорының жұмысы туралы толық түсініктеме беру, имамдардың іс-қызметтерінің барысымен танысып, мерзімдік тапсырмалар жүктеу мақсатында ҚМДБ-ның Павлодар облысы бойынша өкіл имамы Н. Исеновтің ұйымдастыруымен имамдар жиналысы өтті.
Өкіл имам Нариман Ермекұлы жиналысты ашып сөйлеген сөзінде елдегі діни ахуалға, Елбасымыздың жүргізіп жатқан саясатына тоқталды.
«Әбу Ханифа» қоғамдық қорының қызмет бағыты туралы аталмыш қордың төрағасы К. Кеңесбаев кең көлемде түсініктеме жасады.
Өкіл имам мен «Әбу Ханифа» қоры төрағасының келісімімен имамдарға ай сайын тұрақты қайырымдылық көмек жасап тұру ұйғарылды. Бір сөзбен айтқанда, оларға атқарған қызметтерінің нәтижесіне қарай ауыл имамдарына аудан мешіті алқа мүшелерінің шешімімен, ал қала, аудан имамдарына облыстық орталық мешіт алқа мүшелерінің шешімімен ай сайын ақшалай көмек беріліп отыратын болады. Сондықтан да әр мешітте мешіт имамы бастаған алқа мүшелерін қайтадан жаңарту, жаңалау, белсенді, білімді, иманды азаматтармен толықтыру қажеттігі туындауда.

Имамдар біліктілігін арттырды
ҚМДБ-ның Павлодар облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен 21-23 қазан күндері қала, аудан, ауыл имамдарына арналған 3 кезеңнен тұратын 3-күндік семинардың алғашқы кезеңі өтті. Оған 20-дан астам ауыл имамы қатысып, «Ақида», «Усулул-Фиқһ», «Дін мен дәстүр», «Хадис ғылымына түсініктеме», «Құран оқудың пайдалары», «Имамдық қызметтің жауапкершілігі» тақырыптарында 30 сағаттық дәріс тыңдады.
– Үш күндік семинар барысында ауыл, аудан имамдары бұрынғы білімдерін қайталап пысықтаумен қатар, Ислам әлеміндегі соңғы жаңалықтар, өзгерістер мен жаңашылдықтар, сондай-ақ, ақида, фиқһ ілімдері бойынша білімдерін тереңдетті. Семинар соңында имамдардың жүргізілген дәрістер бойынша берілген сынақ билеттері арқылы алған білімдері бағаланды, – дейді өкіл имам Нариман Ермекұлы.
Амантай ТОЙШЫБАЙҰЛЫ

Пікір қалдыру

Әлеуметтік желі арқылы кіру: 

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Келесі жазба

Дін және қоғам

252 Маңғыстау облыстық Дін істер басқармасы мен «Маңғыстау облыстық Азаматтық Альянсы» заңды тұлғалар бірлестігінің ұйымдастыруымен Ақтау қаласында «Дін және қоғам» тақырыбында семинар конференция өтті. Шараға Астана қаласы әкімдігінің «Дін мәселелерін зерттеу Орталығы» КММ директорының орынбасары Есбосын Смағұлов, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Дін мәселелері жөніндегі ғылыми зерттеу және талдау орталығының […]