ҚМДБ мәлімдемесі: арандатушы ақпарат

publisher

Жуырда бірді-екілі интернет порталынан, телеарнадан «Намазға жығылмағаны үшін баласын құрбандыққа шалды» деген мазмұнда негізсіз ақпар тарап, ел ішіне желдей есті. Алып-қашпа әңгіме ұзынқұлақтан жеткен екен. Қаңқу сөзге сенгендердің бірі жаға ұстаса, енді бірі «нағыз мұсылманның бұған қолы бармайды» деп сенді.
Шығыс Қазақстан облысы Аягөз қаласында орын алды делінген оқиғаны www.altaynews.kz сайтына жариялап жіберді. Елді дүрліктірген оқиға ақиқатында болмаған.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шығыс Қазақстан облысындағы өкілдігі мәселенің мән-жайына қанықты. Аягөз қаласында ондай қылмыстық оқиға орын алмағанын мәлімдеді. Сондай-ақ, аймақтағы өкілдігімізге Аягөз аудандық ішкі істер басқармасының бастығы, полиция полковнигі Ерлан Тұрлыбековтің қолы қойылған анықтама келіп түсті. Онда: «Аягөз қаласы мен ауданында 2012 жылдың басынан бүгінгі күнге дейін «Алтай ньюс» сайтында көрсетілген оқиға болмағанын хабарлаймыз», – делінген.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы халықты дініміздің беделін түсіру, мұсылмандар жайлы жағымсыз пікір қалыптастыру мақсатында қасақана таратылған қауесет сөзді негізсіз жаңалық ретінде жариялаған ақпарат құралдарын айыптайды және мұндай өрескел әрекетке жол бергендерді олардың ар-намысына қалдырады.
Ислам ғұламалары өтірік айтуды үлкен күнәлардың қатарына жатқызған. Қасиетті Құранның 167 жерінде жалған сөйлеудің зияны мен зардабы қатаң ескертілген. Алла тағала мүбәрак кітаптың «Наһл» сүресінің 105-аятында: «Алланың аяттарына иман келтірмейтіндер ғана өтірік айтады. Әне, солар өтірікшілер», – деп ескерткен…
ҚМДБ-ның баспасөз қызметі

Пікір қалдыру

Әлеуметтік желі арқылы кіру: 

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Келесі жазба

Камал Бұрханов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты: Дін туралы жаңа заңның әлеуеті күшті

277 – Камал аға, осыдан бір жыл бұрын «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» ҚР Заңы қабылданды. Бұл заң еліміздегі шиеленісі көп дін саласына қандай өзгеріс әкеледі? Бұрынғы солқылдақ заң секілді бұл да босаңдық танытпай ма? – Біріншіден айтарым, осы заң-ның қабылдануы ел тарихындағы өте маңызды әрі елеулі іс-шара болды. […]