Қияметте амал жоқ, есеп қана….

publisher

Дін Ислам көзден таса былай қалып,

Шайтанның қармағына шыр айналып,
Адамдардың адасып жол таппауы –
Қалғаны жүректердің ылайланып.

Тура жолды таппайды бұлай халық.
Барлығын Қияметте сұрайды анық.
Нәпсінің жетегіне ергендер бар,
Көргені сол сәтінде «ұнай» қалып.

Бақыт табар Исламмен келіскен ел,
Адасқан жұрт шындықты теріс көрер.
Жаңбырдың тамшысымен жерге түсіп,
Дұғаңды жеткізеді Періштелер.

Уағызыңды тыңдамас теріс деп ел,
Ислам дейтін таусылмас өріске кел.
Аузыңнан шыққан әрбір сөзің түгіл,
Қадамыңды аңдиды Періштелер.

Бақыт табар олжасын бөліскен ел,
Адасқан жұрт намазды теріс көрер.
Алланың сүйген құлы болсаң егер,
Сені де жақсы көрер Періштелер.

Таусылар шуақ төккен арай мына,
Исламға кел, тыңдасаң, жарайды ма?
Жалқаулыққа жеңдірме ең алдымен,
Төсекке емес, сәждеге қарай құла…

Еркін Шәкірұлы

Пікір қалдыру

Әлеуметтік желі арқылы кіру: 

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Келесі жазба

Қолдаушым да Өзің, сенерім де Өзің!

295 Жаратылыстан теңі жоқ Аллам! Құлына титтей кегі жоқ Аллам! Пендесін дайым жарылқап тұрар, Мейрімінің шегі жоқ Аллам! Пәк ниеттердің тұрағы Аллам! Имандылардың ұраны Аллам! Жаһанға түгел жан берген Өзі, Бейбітшіліктің тұмары Аллам! Пенде ғып бізді жаратқан Аллам! Ұрпақтан-ұрпақ таратқан Аллам! Иманым – Өзің сыйлаған сыйың, Жүрегім тынбас мадақтан Аллам! […]