Қазақстанның іскер әйелдері бас қосты

publisher

Елордада ҚР Дін істері агенттігі Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығының ұйым-дастыруымен «Қазақстан әйелдері: мақсаттары мен ұмтылыстары» тақырыбында іскер әйелдердің кездесуі өтті. Іс-шараға діни бірлестіктер, мемле-кеттік ұйымдар, ғылыми және шығармашылық интеллигенция, үкіметтік емес ұйымдар мен БАҚ өкілдері қатысты. Кездесуде әйелдердің қазіргі әлем-дегі рөлі мен маңыздылығын, қоғамның дамуы мен гүлденуі, конфессия-аралық келісім мен бейбітшілікті нығайтудағы құндылықтары мен ұмтылыстары сөз болды.
Бұл келелі бас қосуға нәзік жанды діни қызметкер-лер атынан «Нұр Астана» орталық мешітінің ұзтазы А.Тілегенова мен Ә.Көпжанова қатысып, «Иманды әйелдің қоғамға тигізер үлесі» және «Иманды қыз, сүйікті жар, аяулы ана» атты тақырыптарда баяндама оқыды. Қойылған өзекті сұрақтарға жауап беріліп, жоғарыдағы тақырыптар төңірегінде ой-бөлісулер болды. Алдағы уақыттарда бұндай өзекті бас қосулар жиі болатындығы айтылды.
Әсел Ғалымқызы,
Астана қаласы

Пікір қалдыру

Әлеуметтік желі арқылы кіру: 

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Келесі жазба

Жетім көрсең, жебей жүр

192 Риддер қаласының Д.Қонаев атындағы мешіті «Светоч балалар баспанасында» қайырымдылық асын берді. Жетімдер үйінде 4 пен 18 жас аралығындағы отыз алты бала тәрбиеленуде. Мешіт имамы Исмаилов Муратжон бастаған мешіт қызметкерлері балалардың жүректеріне жылу беретін насихат айтты. Соңынан мешіт тарапынан арнайы дастархан жайылды. Риддер қалалық колледжінің студенті Ә.Сапарбекұлы имандылық жайлы өлеңдерін […]