Қайырымдылық шаралары бір жүйеге қойылды

publisher

Павлодар облыстық «Мәшһүр Жүсіп» орталық мешітінің «Барыңмен бөліс!» қайырымдылық қызметін ұйымдастырушылар осы аптада жетінші мәрте кезекті қайырымдылық іс-шарасын ұйымдастырды. Осы жолғы шара барысында да әлеуметтік аз қамтылған 10 отбасына қомақты көлемде азық-түлік салынған арнайы пакеттер берілсе, 40-қа жуық адам қайырымды жандар арқылы жиналған киім-кешектерді бөлісіп алды. Сондай-ақ, көмекке мұқтаж бір отбасына демеушілер арқылы түрлі-түсті шағын теледидар сыйға берілді.
«Біздің «Мәшһүр Жүсіп» орталық мешітінде мұқтаж жандарға қайырымдылық көмек жасау ісі бір жүйеге қойылды. Қаламызда тұратын ауру-сырқау, жалғызбасты, көп балалы, мүгедек, зағип, жарымжан, панасыз қалған адамдардың өтініші бойынша «Барыңмен бөліс!» қайырымдылық қызметіне жауаптанған қызметшілер арнайы тексерістер жасап, ол отбасына, немесе жеке адамға не қажет екендігін анықтап, сол арқылы тиісті көмек көрсету үшін әрекет жасайды. «Барыңмен бөліс!» қызметіне адал ниетімен көмектесіп, мешіт арқылы халыққа тегін емдеу, бір ай бойы тегін массаждарға қабылдау қатарлы әлеуметтік қызмет ұсынушылар да бар», – дейді бас имам Н.Исенов.
Амантай ТОЙШЫБАЙҰЛЫ

Пікір қалдыру

Әлеуметтік желі арқылы кіру: 

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Келесі жазба

Шәкіріттерге сертификат табыс етілді

198 ҚМДБ тапсырмасына сәйкес, Семей қалалық Қос мұнаралы орталық мешітінде сауат ашу курсының шәкірттерін 3 кезеңге бөліп оқыту қолға алынған болатын. Жуырда орталық мешітте сауат ашу курсының бірінші кезеңін бітірген 12 шәкірт сертификат алды. Шәкірттердің арасында жастармен қатар, жасы ұлғайған аталарымыз да бар. Олар небәрі 1 ай мерзім ішінде әліппені […]