Өсиет

publisher

Асылхан Достайұлы 1912 жылы 22 сәуірде Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс ауданы, Шөгірлі елді-мекенінде қарапайым шаруа отбасында дүниеге келген. 7 жасында ауыл молдасынан ескіше хат танып, діни ұғыммен айтқанда «Шариғат мұхтасар» шариғат кітабының алты сыныбын бітірген. Бір ғана шариғат бөлімін ғана емес, шығыс ғұламаларының классикалық өлең шығармаларын, тарихи дастан-қиссаларын, араб, ноғай, түркі тілдерін жетік меңгереді. Осы ізденістің арқасында өз бетінше өлеңдер жазуға машықтанады.
Өмірінің соңына дейін ғұмыр кешкен Шардара ауданындағы Сүткент ауылында 1997 жылы ашылған мешіт Асылхан атаның атымен аталады.
Өзінің саналы ғұмырында сан алуан ғылымның құпиясы мен тарихи мұраларды зерттеген Асылхан атаның жолында кедергілер болмай қалған жоқ. Ауқымды істер атқара жүріп, қызыл кеңестік биліктің қудалауын көрді. Соған қарамастан, қаншама жастардың діни сауатын ашты. Төменде Асылхан атаның «Балаларыма өсиет» атты өлеңін назарларыңызға ұсынып отырмыз.

Я, Алла, дархақыңда хамді сана,
Он сегіз мың әлемге өзің пана.
Көп халық Алладан мақұрым боп,
Біреулер бұл қалай деп, көңілі жара.

Көп халық жада болды жаратқаннан,
Жаратып бет-бетімен таратқаннан.
Басында әр пенденің бір өлім тұр,
Бетіне дүние жүзін қаратқанмен.

Пәниде кей жігіттер аңғара ма,
Өлмейтін бұл дүниеде жан қала ма?
Тірілтіп көр ішінде сабап жатса,
Өңім бе, түсім бе деп таң қала ма?

Бұл жолға халық неге бейімдеді,
Кей адам Алла бекер дейін деді.
Уәдесі әлимсақтың келіп жетсе,
Сөзінен ылайымнан кейін деді.

Бұл жолды халисана кім санайды,
Көңілмен жоқ деп білсе бір Құдайды.
Азабын келтіретін іс боп келсе,
Алланың қаһарына кім шыдайды?

Намаз бен бізге берген оразасы,
Кей елде жоқ боп жатыр жаназасы.
Бұйрығын істей алмай ажал келсе,
Қалай болар бір Алланың ырадасы.

«Істе!» деп, бізге берген 40 парызы,
Міндетті, мойныңда тұр бұл қарызы.
Қабыл болса құтылып кетер ме еді,
Жалғанда елге етсе көп жақсылықты.

Үстіңде бір Алланың үкімі бар,
Болсын да әр пендеге Алласы жар.
Сауабын екі хисаб ұрандасаң,
Алла өзі болады жәннатта жар.

Алладан құтылмаймыз, жұмыс көп деп,
Одан да намаз оқы, руз тұт ептеп.
Бұл шарттың бір егесі бар-ау демей,
Көп халық дінге сенбей кетті беттеп.

Алла, намаз оқы деп үкім етер,
Оқи алмай жүргенде күнің өтер.
Көңілмен өз дініңе жаның ашып,
Істеп-ақ құлшылықты жүрсең не етер?

Көп істеп құлшылықты жалықпайық,
Үмбеттің жақсыларына қосылайық.
Исламның тура жолын ғашық тұтсаң,
Аллаға осылай еткен ісің лайық.

Пікір қалдыру

Әлеуметтік желі арқылы кіру: 

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Келесі жазба

Басшыға бағыну – парыз

661 Мұсылман үмбетінің алға басуының, оның күшеюінің алғы шарттарының бірі – басшыға бағыну, сол арқылы өзара бірлікте, ынтымақта болу. Адамның табиғаты жаман-шылыққа, бұзғыншылыққа бейім болғандықтан, әркез оларға тиісінше жаза беріп, үкім шығару үшін бір адамның кез келген қоғамда басшылық қамытын киюі міндетті амалдардан. Өйткені, қоғамда басшы болмау күштілердің әлсіздерге, байлардың […]