Нұржамал қажы ТАЩАНОВА, «Ансар-круиз» қажылық компаниясының басшысы: Умраның мұсылман үшін орны ерекше

publisher

– Нұржамал апай, әңгімемізді соңғы қажылық сапарынан бастасақ. Өткен жылдың аяғында қасиетті жерге аман-есен барып қайттыңыздар. Жалпы, сапар қалай өтті?
– Әлһамдулиллә, биыл 4-рет қажылық сапарын өткіздік. Бәрі ойдағыдай өтті деуге толық негіз бар. Бізбен барған қажылар алғыстарын айтып, дән риза болып келді.
Қажылық – оңай жол емес. Тамақпен, қонақ үймен қамтамасыз ету, жол мәселесі – қиын шаруа екені белгілі. Жылдағыдай қажыларға жөн сілтеп, уағыз айтатын білікті имамдарды да бірге алып бардық.
Мәдина қаласындағы қонақ үйіміз пайғамбар (с.ғ.с.) мешітінен 50 метр жерде болды. Негізінен ауқаттылар тоқтайтын қымбат қонақ үй екенін қажылармыз көрді. Осында 4-5 күн болып, пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) басына зиярат жасап, салауат айтып, сондай-ақ, медицина орталығында хижама (қан алдыру) жасатып, кейін Меккеге жүрдік.
Мекке қаласында Қағбадан 2,5 шақырым жердегі король інісінің қызы салған жаңа қонақ үйге тоқтадық. Әрине, мұнда да парызын өтеушілерге қолдан келгенше қолайлы жағдайдың бәрі де жасалынды. Тіпті, қазы-қарта, сары майға дейін бірге арқалап шыққанбыз. Өзге елдің тамағына үйрену қиын, сондықтан қажыларға күніне екі мәрте өзіміз апарған елдің тағамын бердік.
Минада, Арафатта, т.б. жерде болсақ та, Алланың қалауымен жолымыз оңғарылып, сапар сәтті өтті. Қажылардың жүздері нұрланып, бойларына сабыр келгені білініп тұрды. Осындай сәтте қиыншылықтардың бәрі де естен шығады. Мен үшін бұдан артық бақыт жоқ дүниеде.
– Енді ақпан айынан бастап умра, яғни кіші қажылыққа дайындалып жатыр екенсіздер. Алдымен, осы умра жайында айтып өтсеңіз? Кіші қажылықтың мұсылман үшін орны қандай?
– Умраны екінші рет ұйымдастырғалы отырмыз. Өткен жылы тұңғыш рет 18 адаммен барып, қайтқанбыз.
Құран Кәрімде: «Алла үшін қажылықты және умраны толық өтеңдер» («Бақара» сүресі, 196-аят), – делінген. Бұдан біз кіші қажылықтың мұсылман өмірінде қандай орын алатынын көреміз. Қағбаның жанында ниет қабыл болады. Сондықтан да, Алла тағала үлкен қажылықпен бірге, умраны да айтып отыр.
Әбу Хурайрадан (р.а.) имам Бұхари және имам Мүслім риуаят еткен сахих хадисте былай делінген: «Бір рет умраға барғаннан кейін екінші рет умраға бару – арасында істелген күнәларға кәффарат (яғни күнәні кетіретін амал) болса, шариғат талабына сай орындалған қажылықтың сыйы – тек жәннат».
Сондай-ақ, мұсылман тек өзі үшін емес, өзгелер үшін де қажылық пен умраны өтей алады. Бұл жайында хадисте: «Нәбиге (с.ғ.с.) бір адам келіп: «Я, Алланың елшісі! Менің әкем өте қарт адам. Ол қажылыққа да, умраға да, басқа сапарға да жарамайды», – деп айтқанда, расулулла (с.ғ.с.): «Ондай болса, әкеңнің орнына қажылықты да, умраны да өте», – деп бұйырды», – делінген.
– «Ансар-круиз» компаниясының қызметіне жоғары баға беріп жатқандар көп. Жалпы, биыл умраға қанша адам апаруды және қалай ұйымдастыруды жоспарлап отырсыздар?
– Адам санына келсек, оның ешқандай бір мөлшері де, шектеу де жоқ. Қанша адам жиналса, соларды алып бара береміз.
Біздің компания жұмысына жақсы баға бергендерге де Алла разы болсын. Құдайға шүкір, жаңа айтқанымдай, қажыларымыз риза. Ұшақ, тамақ, қонақ үй мәселесінен бөлек ерекшелігіміз деп, әрине, умра кезіндегі хижама жасату мен Қызыл теңізге сапар ұйымдастыруды айтар едім. Бір сөзбен айтқанда, қажыларымызға жан мен тәнді қатар сауықтыру мүмкіндігін береміз.
Бір жолы Саудияға барғанымда хижаманың пайдасы жөнінде бір шейх адам айтқан болатын. Содан бері өзім жылына 2 рет Мәдинада қан алдырып тұрамын. Ол көптеген аурулардың емі. Соңғы қажылықта адамның көптігіне қарамастан, қажыларымыздың 80 пайызы хижама жасатты. Алдағы уақытта да үлкен қажылық және умра кезінде хижама жасатып тұратын боламыз.
Мәдинада зиярат етіп, қан тазартып, кейін Меккеде умра өтеген соң, қажыларымызды Қызыл теңіздің жағасына апару да біздің компанияның қызметіне кіреді. Ғалымдар-дың айтуынша, Қызыл теңіз – әлемдегі өз табиғатын жоғалтпаған, ең таза теңіз екен. Ауасының өзі қандай керемет. Суы да көп ауруларға ем деседі. Бұл, әрине, қажылар үшін біріншіден, демалыс болса, екіншіден, жан мен тән дауасы.
Былтыр бізбен барған бірқатар адамдар-дың Қызыл теңізге түсіп, сырқаттарынан сауыққанын өз көзіммен көргенмін. Сонда бір қажымыз: «Біз балаларымызды Дубайға, Антальяға жіберіп жатамыз. Одан гөрі, «Ансар круизбен» умраға барып, Алла разылығы үшін құлшылық жасап, рухани сауығып, осы Қызыл теңізге келу әлдеқайда артық екен ғой», – деп ризашылығын білдірді.
– Бұрын қажылыққа адамдар тек Алматыдан ұшатын. Былтыр «Ансар-круиз» компаниясы тұңғыш рет солтүстіктің адамдарын Астана әуе-жайынан аттандырды. Алдағы уақытта да осылай бола ма?
– Иә. Адамдардың өз қалауларына қарай, Алматы мен Астанадан ұшатын болады. Бір жайт, умрада қонақ үйді Қағбаның дәл жанынан алуға мүмкіндік болатынын айта кеткен орынды.
– Умраны алдағы уақытта жиі ұйым-дастырасыздар ма?
– Негізі ай сайын апарсақ та, оған мүмкіншілік бар. Адамдардың жиналуына байланысты. Умраға бару үшін кемінде 10 адамдай болғаны дұрыс.
– Қажылыққа, умраға ниет білдірушілерге қандай да бір жеңілдіктер бар ма?
– Әрине, көп адамның қажылық қа-ражатын бірден төлеуге мүмкіндігі бола бермейтінін ескеріп, ақшаны бөліп төлеуге болатын етіп істедік. Бұл бізге де, оларға да жақсы. Мәселен, қазір қыркүйекте болатын үлкен қажылыққа ниет білдірген сегіз адам жарты ақшасын төлеп кетті. Біз соған Мекке-Мәдинадан қонақ үй алып қоя береміз.
Жамағатқа айтарым, үлкен-кіші қажы-лықтарын өтегісі келген адамдар болса, «Ансар-круиз» компаниясының есігі әр-қашан ашық. Біз сіздерге қызмет көрсетуге әрдайым дайынбыз.
– Әңгімеңізге рахмет!
Сұхбаттасқан Ескендір Тасболат,
«Ислам және өркениет»

Пікір қалдыру

Әлеуметтік желі арқылы кіру: 

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Келесі жазба

Тарих тұңғиығынан тағылым алсақ немесе Ислам адамзат баласына не берді?

293 Кеңестік дәуір келмеске кетіп, Тәуелсіздігіміздің 20 жылын артқа тастасақ та, әлі күнге дейін көбіміздің са-намызда асыл дініміз Исламға тек белгілі бір құлшылықтар түрінде ғана қарау бар. Оны ешқашан мәдениеттің, білім мен ғылымның діні деп білмейміз. Көпшілік, оның ішінде өзіміздің мұсылман қауымның кейбірі де, ғылым мен дінді, дәлірек айтсақ Ислам […]

Оқи отырыңыз