Норвегияда мұсылман қызы министр болды

publisher

Норвегияның Мәдениет министрлігіне 29 жасар мұсылман қызы Хадиа Тайик тағайындалды. Бұл жөнінде елдің премьер-министрі Йенс Столтенберг мәлімдеді.
Хадиа Тайик Норвегия үкіметіндегі ең алғашқы мұсылман министр ғана емес, сондай-ақ, ел тари-хындағы ең жас ведом-ство басшысы ретінде де көпшіліктің назарын аударды.
«Жас болса да, Хадианың саяси тәжірибесі өте мол. Ол еңбек-қор және жаңаша ойлауға қабілетті. Алдағы уақытта өз тәжіри-бесін ел игілігіне жұмсайды деп сенемін», – деді Столтенберг жаңа министрді таныстыру барысында.
Өз кезегінде Х.Тайик алдағы уақыттағы жоспарымен бөлісіп, мәдени әртүрлілік Норвегияның негізгі құндылықтарына айналуы тиіс екенін айтты. «Саны жағынан аз ұлттар мен келімсектер қоғам өміріне белсенді тартылуы тиіс», – деген ол ел мәдениетін одан әрі дамыту үшін Норвегиядағы әр азаматтың ат салысу қажет екеніне тоқталды.
Жаңа министрдің отбасы Норвегияға кезінде Пәкістаннан көшіп келген. Осы жерде жоғары білім алған Хадиа елдегі ірі БАҚ-та жұмыс істеп, мол тәжірибе жинақтады. 2009 жылы Норвегия парламентінің мүшесі атанып, кеңесші болып қызмет етті. Сондай-ақ, бірнеше комитеттің құрамына еніп, өзінің табандылығымен де көпшіліктің назарына ілікті.

Дайындаған
Еламан ҚОҢЫРОВ

Пікір қалдыру

Әлеуметтік желі арқылы кіру: 

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Келесі жазба

Мешіт қайырымдылық көмек көрсетті

252 Жуырда Зырян қаласы мешіті ойлау қабілеттері шектелген, дамуы нашар балалар тәлім алатын аталмыш қаладағы №1 интернаттың 20 оқушысына қайырымдылық көмек көрсетті. Аз қамтылған отбасылардың балаларына бір жылға жететін дәптер, қалам, қарындаш, сөмке сияқты оқу құралдары табыс етілді. Мешіт тарапынан жасалған қамқорлыққа балалар қуанып, алғыстарын білдірді. Алла разылығы үшін жасалған […]