Мұхаммед Әлидің қолғабы аукционға түсті

publisher

Heritage Auctions үйі боксшы Мұхаммед Әлидің 1964 жылы Сонни Листонға қарсы өткізген жекпе-жегінде киген чемпиондық қолғабын сатылымға қойды. Әзірге құны 500 мың АҚШ долларына бағаланып отырған бұл қолғап Әли мен Листон арасындағы әлем чемпионы атағы сарапқа салынатын жекпе-жектің алдында арнайы тапсырыспен тігілген.
«Бұл Мұхаммед Әлиге ең алғаш рет чемпиондық белбеуді алып берген қолғап, – дейді аукцион үйінің директоры, – Боксқа қатысты дүниелердің ішінде қолғаптың орны айрықша. Әли – бокс тарихындағы ең ұлы боксшы. Ал мынау сол ұлы жолдағы маңызды рөлді атқарған нәрсе».
Айта кетейік, аталмыш жекпе-жек 1964 жылдың 25 ақпан күні өткен болатын. Бокс тарихындағы атышулы жекпе-жектердің бірі болған сол күні сарапшылар «Үлкен аю» деген лақап аты бар Листон жеңеді деп болжаған болатын. Алайда, көз ілеспес жылдамдыққа ие Әлидің екпініне шыдамаған чемпион 7-раундтан кейін кездесуді жалғастырудан бас тартып, белбеуін қолдан берді. Келесі жылы да екеуі қайтадан шаршы алаңға шығып, бұл жолы Мұхаммед Әли оны 1-раундта-ақ нокаутпен жеңді.

Пікір қалдыру

Әлеуметтік желі арқылы кіру: 

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Келесі жазба

Мәуелі Мәуліт кештері

364 Астана. Астана мешіттерінің ұйытқы болуымен 15 ақпан күні «Конгресс Холл» сарайында ұлттық нақышпен әрленген «Пайғамбарлар падишасы» атты рухани мерекелік кеш өтті. Қолына гүл ұстаған жас ақын бала Жамбыл Дүйсенов кеш қонақтарына гүл ұсына жүріп, рухани кештің шымылдығын пайғамбарға салауат айтумен ашты. Мұнан кейін «С. Ғылмани» мешітінің бас имамы Ж.Садырханов, […]