Мешіт радиосы іске қосылды

publisher

Шалқар аудандық мешітінде шағын радиоторап жұмыс жасай бастады. Қаланың адам көп жүретін аудандарында, атап айтқанда темір жол вокзалы мен әкімдік маңында екі дыбыс зорайтқыштың көмегімен діни мазмұндағы радиохабарлар таратылады.
Мәселен, Абайдың қара сөздері, уағыздар, қазақы күйлер, т.б. беріліп тұрмақ. Радиоторапты іске қосу жөніндегі бастаманы мешіт қызметкерлері көтеріпті.
Мешіт имамы Н. Тәкенов бұл радио арқылы ислам насихатын кеңінен жүргізуге мүмкіндік мол екенін айтады.
Сондай-ақ, мешітте скайп жүйесі орнатылған. Сол арқылы облыс орталығындағы өкілдермен байланысқа шығып отырады.
Асқар Ақтілеу,
ҚМДБ-ның Ақтөбе облысы бойынша
өкілдігінің баспасөз хатшысы

Пікір қалдыру

Әлеуметтік желі арқылы кіру: 

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Келесі жазба

Моңғолия мұсылмандарының діни басшысы Қояндыда

227 Жуырда Астана қаласында «Қазақстан – біздің ортақ үйіміз» атты халықаралық конференция өткен болатын. Соған делегат болып келген Моңғолия мұсылмандарының діни басшысы Батырбек қажы Хадысұлы Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Қоянды ауылының мешітіне арнайы келіп, жамағатпен жүздесті. Шараға оралмандардың «Жаңа Қадам» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Хұрметбек Көбей, «Ұлт бірлігі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы […]