Мешіт қайырымдылық көмек көрсетті

publisher

Жуырда Зырян қаласы мешіті ойлау қабілеттері шектелген, дамуы нашар балалар тәлім алатын аталмыш қаладағы №1 интернаттың 20 оқушысына қайырымдылық көмек көрсетті. Аз қамтылған отбасылардың балаларына бір жылға жететін дәптер, қалам, қарындаш, сөмке сияқты оқу құралдары табыс етілді. Мешіт тарапынан жасалған қамқорлыққа балалар қуанып, алғыстарын білдірді. Алла разылығы үшін жасалған мұндай игі іс-шаралар алдағы уақытта жалғасын табатынын айтқан мешіт өкілі: «Алдағы жылдарда көмек көрсетілетін балалардың санын арттырсақ деген ниетіміз бар», – деді.
Зырян қалалық мешітінің
баспасөз қызметі

Пікір қалдыру

Әлеуметтік желі арқылы кіру: 

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Келесі жазба

Облыс имамдары бас қосты

296 Солтүстік Қазақстан об-лыстық «Қызылжар» меші-тінде қалалық, аудандық мешіттердің бас имамдары қа-тысқан жиын өтті. Басқосуда ҚМДБ-ның тапсырмасына орай, жастар арасындағы түрлі қылмыстардың, ұрлық-зорлық, маскүнемдік, наша-қорлық, темекі тарту сияқты кесапат күнәлардың алдын-алу мәселелері талқыланды. Шараға арнайы шақырылған облыстық ішкі істер депар-таментінің экстремизмге қарсы күрес жөніндегі аға жедел уәкілі Руслан Мұхаметжанов қазіргі […]