Мейірімділікте шек жоқ

publisher

Жоспарланбаған ерлік
Шаварш Карапетян. Бұл спортшының есімі әлемдік деңгейде аса танымал болмаса да, оның спортта қол жеткізген жетістіктерінен бас айналарлық. Кеңес Одағының туы астында өнер көрсеткен армян азаматы су астында жүзуден 11 мәрте әлемнің рекордшысы, 17 мәрте әлем чемпионы, 13 мәрте Еуропа чемпионы, 7 мәрте КСРО жеңімпазы болды. Қанжығасына осыншама жүлдені жиған басқа спортшы жоқ шығар, сірә, дүниеде?! Алайда, оның спорттық жолына нүкте қойған мына бір оқиға – әйгілі сүңгуірдің ең үлкен ерлігі әрі жетістігі екендігіне күмән жоқ.
Бұл 1976 жылы 16 қыркүйекте болған жағдай. Ереван қаласында дамбаның үстімен өтіп бара жатқан троллейбус абайсызда суға құлап кетеді. Тоқсан екі жолаушы темір құрсаудың ішінде он метрдей терең суға жұтылады. Олардың барлығы дерлік осы апаттан көз жұмуы мүмкін болатын, алайда дәл осы уақытта жақын жердегі жағалауда әйгілі спортшы Ш.Карапетян Камо есімді бауырымен бірге жаттығу жасап жүрген еді.
Троллейбустың суға құла-ғанын көрген олар дереу көмек-ке ұмтылды. Кейін мамандар-дың айтуынша, Шаварштың осы кезде жасаған ерлігі басқа ешбір адамның қолынан келмес еді. Ол су түбіндегі троллейбустың артқы терезесін аяқпен теуіп сындырып, өмір мен өлім арасында жанталасып жатқан адамдарды бірінен соң бірін судың бетіне көтеріп алып шыға берді. Ал інісі ол адамдарды жағаға қарай тасыды. Қыркүйек айында су мұздай еді. Оның үстіне 10 метр тереңдікке сүңгіп барып, троллейбустың ішіне кіріп, адамды өзімен бірге су бетіне шығару қандай қайрат-жігерді талап етеді десеңізші. Әрине, қарапайым адам болса, бір-екі рет сүңгіп шыққаннан кейін-ақ алқынып, демі бітіп, әл-дәрмені құритыны сөзсіз. Бірақ, су астында жүзуден бірнеше дүркін әлем рекордшысы 20 минуттың ішінде шамамен 25 мәрте (!) су түбіне сүңгіп, әр барған сайын бір адамды ажал тырнағынан арашалап, құтқарып шықты. Кезекті адамды судың бетіне шығарғанда дамбаның үстінде шоғырланып қалған халық Шаварштың денесін терезенің сынған әйнектері тілгілеп тастағанын көреді.
«Қанша жерден дайындығым жақсы болғанымен, мен барлық адамды құтқара алмайтыным-ды білдім. Өйткені, 10 метр тереңдікке ешқандай құралсыз сүңги беру мүмкін емес. Судың лай болғанына байланысты, астында ештеңе көрінбейді, сондықтан мен адамдарды қолыма іліккен жерінен ұстап шығара бердім. Кезекті рет троллейбустың ішіне кіріп, қолыма түскен нәрсені адам шығар деп судың бетіне алып шығып қарасам, ол орындықтың көпшігі болып шықты. Сонда мен мұның қандай үлкен қателік болғанын түсініп, қатты өкіндім, өйткені оның орнына бір адамның өмірін құтқарған болар едім. Кейін осы көпшік талай рет түсіме кіріп жүрді», – дейді Шаварш.
Жағаға шығарылған адам-дарды жедел жәрдем көлік-терімен ауруханаға апарғанда, дәрігерлер суда құтқарушылар тобы жұмыс жасаған деп ойласа керек. Кейін бұлардың бәрін бір адам құтқарды дегенді естіген-де, олар таңғалып, жағаларын ұстады.
Дегенмен, осының салда-рынан спортшы өкпе қабынуы дертіне шалдықты. Әйнек кескен жерлері арқылы түрлі кеселдерді жұқтырып, дәрігер-лер әрең дегенде оның өмірін өлімнен арашалап қалды. Ол 46 күннен кейін ғана есін жиып, қалпына келді. Бірақ, енді сүйікті спортымен қош айтысуға мәжбүр болды. Өйткені, ол мүгедек еді.
Иә, әйгілі спортшы өзінің Құдай берген талантын жоғалтқаны-мен, адамдарға деген махабат-тың ерен үлгісін көрсете білді…

Жанкешті поляк қызы
Ұлы Отан соғысы кезінде қаншама жас сәбидің өмірін сақтап қалған Ирина Сендлер есімді мына поляк қызының ерлігі де адам таңғаларлық.
Ол соғыс кезінде Варшава-ның Денсаулық сақтау басқар-масында жұмыс істейтін. Фа-шистердің еврейлерді аяусыз қырып жатқанын көрген ол Польшада құрылған Еврейлерге көмек кеңесі атты астыртын ұйымға да мүше болып енді.
Ирина немістер қоршауын-дағы Варшава геттосына жиі кіріп, ауру балаларды қарап тұратын. Жалпы, бұл геттодағы балалардың жағдайлары тым мүшкіл еді. Фашистер, әсіресе, өздерінің қас жауы – еврейлер-дің жазықсыз сәбилеріне аяусыздықпен қарады. Олар не аштықтан, не фашистің қолынан қаза табуы күмәнсіз болатын. Сондықтан, Ирина Сендлер бұл жерге жай кіріп қана қоймай, соғыс жылдары ниеттес адамдарымен бірге 2500-дей нәрестені геттодан жасырын алып шығып, поляк балалар үйлеріне, отбасыларға табыстады.
Әрине, бұл жерден бала-ларды алып шығу оңай емес еді. Немістер байқап қалса, өмірің-мен қоштасуың әбден мүмкін. Сондықтан, Ирина балаларға ұйықтататын дәрі беріп, оларды ауа кіру үшін арнайы тесіктері бар қораптарға салып, машинамен алып шығатын. Тіпті, кейбір балаларды жертөле арқылы, қапқа, кәрзеңкеге салып та алып шығып жүрді.
Ұйықтап жатқан нәресте салынған қораптарды машина кузовындағы заттардың астына жасыратын. Сондай-ақ, кузовта арнайы үйретілген итті алып жүретін. Тексерушілер келген кезде жүргізуші иттің аяғын әдейі басып қалатын, сонда ит арсыл-дап үре жөнелетін. Бұл кейбір жылап, дыбыс шығаруы мүмкін балалардың дауысын есіттірмеу үшін арнайы жасалатын еді. Сонда тексерушілер де қабаған иттен тайсақтап, кузовтың ішін тінтуге батылы бара бермейтін.
Ирина өзі құтқарған сәбилер-дің аттарын қағазға жазып, оны бөтелкенің ішіне салып, үйінің артындағы ағаш түбіне көміп тастап жүрді. Ол соғыстан кейін сол балаларды іздеп табуды ойлаған болатын.
Алайда, 1943 жылы оның үстінен біреу арыз жазып, ұсталады. Біраз уақыт тергеуден кейін Иринаны өлім жазасына кеседі. Бірақ, оны білетін және тілектес адамдар жазаны орындайтын жендеттерді сатып алып, Иринаны өлім жазасынан аман алып қалады.
Сөйтіп, соғыс аяқталғанша ол жасырынып жүріп, кейін де жас балаларға көмектесуін тоқтатпады.
Соғыс бітіп, заман түзел-генде Ирина Сендлер ағаш түбіндегі шөлмекті қазып алып, балалардың есімдерін құзыр-лы орынға табыстайды. Сол арқылы балаларды іздеп тауып, қаншама жыл аралары ажырап қалған ата-аналарына табыс етеді, ал жетімдер балалар үйінде қалды.
Еврей балаларына көмек-тескені үшін Ирина Сендлерді Израильде аса жоғары құрмет тұтады. Ол 1965 жылы «Әлем халықтарының әділ көшбасшысы» атағымен мара-патталды. Жас сәбилердің аянышты өміріне бейжай қа-рамай, талайын ажал аузынан аман алып қалған мейірімді жан 2008 жылы 98 жасында өмірден озды.

«Егер тірі қалсаң, сені қатты жақсы көргенімді есіңде сақта»
Иә, ананың балаға деген махаббатында шек жоқ қой. Бұл Жапонияда жер сілкінісінен кейін болған оқиға. Құтқарушы-лар құлаған үйдің орнын аршып жатып, қирандылар астынан бір әйелдің денесін көздері шала-ды. Бір қызығы, әйел тізерлеп отырған күйі, денесін алға қарай бүгіп, қос қолымен бауырына бір нәрсені құшақтап алыпты. Арқасы мен басына зақым келген. Құтқарушылар тобының басшысы құлаған қабырғалар арасындағы әйелдің денесіне әрең деп қолын созып, ұстап көріп, оның о дүниеге аттанғанын біледі.
Сосын бұл топ басқа үйді аршуға кетіп қалады. Бірақ топ басшысын бір тылсым күш жаңағы әйел жатқан үйге қарай тартты да тұрды. Кейін ол қайтып келіп, құлаған қабырғалардың арасына қай-тадан қолын созып, әйелдің денесін қозғап көрді. Бір кезде ол: «Мында сәби жатыр! Сәби!», – деп айқайлады.
Жедел жеткен құтқарушылар қирандыларды ашып, арасынан әйел денесін алып шықты. Сөйтсе, әйел жаялыққа оралған 3 айлық нәрестені бауырына құшақтаған күйі жан тапсырған екен. Зілзала болғанда баланы өзінің денесімен қалқалағаны көрініп тұр. Ал сәби болса, пысылдап ұйықтап жатыр, оған ешқандай зиян тимеген. Команда жетекшісі сәбиді қолына алып, оның денсаулығын қарауға дәрігер де қасына жетті.
Жаялықты ашқанда оның ішінен ұялы телефон шықты. Оның экранындағы: «Егер тірі қалсаң, сені қатты жақсы көргенімді есіңде сақта» деген жазуды көрді. Телефон қолдан-қолға өтті. Сол жерде жазуды көріп, жыламаған адам қалмады…

Ескендір Тасболат

Пікір қалдыру

Әлеуметтік желі арқылы кіру: 

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Келесі жазба

Білімі мен білігі ұштасқан ұстаз

223 (Бақтыбай Бейсенбаев ағамыз жайлы бір үзік ой-толғам) Әке мен ұстаз ұлағаты Төрт жылда медресе бағдар-ламасын тәмамдап Бақтыбай ұстаз ауылға оралды. Ол кезде есігі жұмада ғана ашылатын Дербісек ауылдық мешіті сауатты молдаға өте зәру еді. Бақтыбай ұстаз келісімен-ақ, ауыл ақсақалдары немерелерін жетектеп: «Мына балаға Құран үйрет, тәрбие бер» деп келіп […]