МЕДРЕСЕ ШӘКІРТІНЕ ҚАРЖЫЛАЙ КӨМЕК

publisher

Қайырымдылық – мұқтаж жан­дарға көрсетілер нақты көмек,  ізгіліктің анық көрінісі,  адамның асыл қасиеті. Кісінің айнала­сын­дағы адамдарға танылатын тамаша қыры да қаншалықты қайырымды екендігінен байқалады. 

Осы орайда ҚМДБ-ға қарасты «Орал» медресесінің директоры Мұратбек Қыстаубаевтың бастамасымен, Орал орталық мешіті жамағатының қолдауымен «Орал» медресесінің шәкірті Әдиет Айдыналиевтің еміне 240 000 теңге көлемінде қаржылай көмек жинап, медресе директоры Әдиет Қасиетұлын арнайы қабылдап, қаржыны қолына беріп, сауығып кетуін Алладан тіледі.

Имам Ахмад (р.а.) жеткізген хадис-шәріпте пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Кім Алла үшін бір жетімнің басын сипаса, қолы тиіп өткен әрбір тал шашы үшін сауап алады» деген.

Мұның бәрін тілге тиек етіп отыр­ған себебіміз, осы өмірде қан­дай да бір игілікті, қайырымды істеріміздің сыйы – Алла Таға­ланың жәннаты екенін жадымыз­дан шы­ғармай, соған амал ету. Жақсылық­тың қайтарымы көп болады. Алла Тағала осындай сауап­қа ұмтылуды баршамызға нәсіп етсін! 

Көмек көрсетемін деген жомарт жандарға:

Айданалиев Әдиет Қасиетұлы

ЖСН (ИИН) 930 517 300 572

Каспи голд: 5169 4931 4907 0248

Байланыс телефоны: 8 -775 627 82 11

 ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікір қалдыру

Әлеуметтік желі арқылы кіру: 

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Келесі жазба

ДІН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

455 Өткен аптада «Ел үлесі – пәтерге!» науқаны бойынша павлодарлық екі діни қызметші баспаналы болды. Біріншісі – Ертіс ауданының тумасы, кәсіпкер Шайкенов Манарбек Асылбекұлының аудандық «Ержан» мешітінің наиб имамы қызметін атқарып тұрған  жас маманға өз қаражатымен баспана сыйға тартуы болса, екіншісі – Павлодар облысы өкілдігінің «Ел үлесі – пәтерге!» науқаны […]