Көңіл айтты

admin

24 қазан. 23 қазан күні Түркияның батысында орналасқан Ван қаласында болған жойқын жер сілкінісіне байланысты ҚР Бас мүфтиі Түркия Дін істері басқармасының төрағасы Мехмет Гөрмезге көңіл айтты. Онда былай делінген:

 

 Мейірімді, Рахымды Алланың атымен бастаймын!

ТҮРКИЯ ДІН ІСТЕРІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ
ТӨРАҒАСЫ, ПРОФЕССОР МЕХМЕД ГӨРМЕЗГЕ

 Құрметті Мехмет бауырым!

Кеше ақпарат құралдарынан Түркияның Ван қаласында күшті жер сілкінісі болып, онда адам өлімі орын алғандығы жайлы суық хабар алдық. Бұл Алла тағаланың сынағы деп білеміз. Сол себепті сабыр сақтап, Жаратушы Иемізден сынағыңды жеңілдете гөр деп тілейміз. Қайғыларыңызға Қазақстан мұсылмандары да ортақтасады. Құрбан болғандардың отбасыларына, туған-туыстарына біздің шын жүректен көңіл айтуымызды жеткізуіңізді сұраймын.

Ізгі тілекпен, шейх Әбсаттар қажы ДЕРБІСӘЛІ,
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының және
Орта Азия мүфтилер кеңесінің төрағасы, Бас мүфти

 ҚМДБ-ның халықаралық байланыс
және хаттама бөлімі

Пікір қалдыру

Әлеуметтік желі арқылы кіру: 

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Келесі жазба

Құрбандық Құдайға жақындатады

222 Алланы бір, Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарды хақ деп білетін мұсылман баласы үшін Жаратушымыз белгілеп берген екі мейрамның ұлығы – Құрбан айт күндеріне де жеттік. Алла тағаланың разылығы үшін мал шалынып, кең дастарқан жайылып, еңбектеген сәбиден еңкейген кәріге дейін шат-шадыман қуанышқа бөленетін бұл ұлық мейрам Қазақстан жұртшылығына да ырыс пен береке […]