Кеңейтілген төралқа мәжілісі

publisher

22-23 желтоқсанда Дінбасы Әбсаттар қажы Дербісәлі хазрет Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының кеңейтілген төралқа мәжілісін өткізді. Оған ҚМДБ-ның республика облыстарындағы өкіл имамдары, аппараттың жауапты қызметкерлері қатысты. Күн тәртібінде ҚМДБ-ның 2011 жылы атқарған іс-шаралары, өкіл имамдардың жылдық есебі, мешіттерді тіркеу, мешіттердің жер мәселесі, діни басылымдарға жазылу, 2011 жылғы қажылық қорытындысы, діни семинар, діни киім, жат жерлік секталарға қарсы жұмыс, діни үгіт-насихат, уағыз, діни басқарма жұмысын одан әрі жетілдіруге байланысты ұсыныстар секілді және т.б. ағымдағы мәселелер қаралды. Мәжіліс соңында тиісті қаулы-қарарлар қабылданды. Үлгілі де озық істерімен көрінген дін қызметкерлеріне алғыс жарияланды.
* * *
Сонымен қатар, төралқа мәжілісінде ҚР Парламенті Мәжілісіне «Әділет» демократиялық партиясынан депутаттыққа үміткер ретінде ұсынылған Мұрат Телібеков туралы аталмыш партияның жетекшісі атына бірауыздан ұсыныс хат қабылданып, жолданды. Редакциямызға да келіп түскен сол хат мәтінін назарларыңызға ұсынып отырмыз.

Мейірімді, рақымды Алланың атымен бастаймын!
Дінбұзар депутаттыққа
үміткер болуға лайық па?

«Әділет» демократиялық партиясының төрағасы
М. С. Нәрікбаев мырзаға

Құрметті Мақсұт Сұлтанұлы!
ҚР Орталық сайлау комиссиясының Сіз басқаратын партияның партиялық тізімін бекіткені туралы хабармен таныстық. Сол тізімге бір дінбұзар Мұрат Телібеков дегеннің де еніп кеткені жайлы іле-шала http://abai.kz/, http://muftiyat.k/ және http://meshit.kz/порталдары мен «Ислам және өркениет» газетінде (№36, 21-31 желтоқсан, 2011 ж.) «Ұшарын жел, қонарын сай білетін Мұрат Телібеков депутат бола қалса, Ахмадияның жыртысын жырта ма?» деген әшкере мақала жарық көрді. Онда бүкіл әлемдік Ислам лигасының шешімі бойынша «Исламға жатпайтын ахмадия» сектасының біздің елдегі насихатын баспасөз бетінде жүргізіп, жыртысын жыртып, мұсылмандар арасына іріткі салып жүргені жан-жақты баяндалған.
Расында да, М. Телібеков діни сауаты болмаса да, заң жүзінде тіркелмеген «Қазақстан мұсылмандар одағы» дегеннің төрағасы, мұнысы аз болса, тіпті «Орта Азия және Қазақстан мұсылмандарының құқын қорғау ұйымының басшысымын» деп «өзін-өзі тағайындап», орыс тілді мерзімді басылымдарда жиі-жиі шимай-шатпағын жариялап, телеарналарда діни басқарма мен діндарлар атына үнемі жала жауып, ғайбаттап, өсек-аяң таратып, әдепсіздік пен мәдениетсіздік, тәрбиесіздік пен оспадарлық танытумен келеді. Осылайша бүгінгі күннің белгілі арандатушы дінбұзарына айналды.
Құрметті Мақсұт Сұлтанұлы!
Сізді елімізге белгілі, еңбегі сіңген, тәжірибелі заңгер ретінде жақсы білеміз әрі құрметтейміз. Партиялық тізім тұрмақ, аты дардай «Әділет» партиясына мұндай алаяқтың қалай кіріп кеткеніне таңбыз. Оны мүмкіндігінше сайлауға дейін партиялық тізім тұрмақ, партия қатарынан аластап, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы бұл шешімдеріңізді көпшілікке жария етпесеңіздер, сізге және партияңызға құрметпен және сеніммен қарайтын ел мұсылмандары партияңызға қарсы дауыс беруі мүмкін.

Облыстар мен өңірлердің өкіл имамдары:
Нұрлан Асанов (Өскемен өңірі), Жұманәлі Аманов (Талдықорған өңірі), Нұрбек Есмағанбет (Атырау облысы), Қоңдыбай Акбаров (Жезқазған өңірі), Қанат Қыдырмин (Ақмола облысы), Серікбай Ораз (Қостанай облысы), Әбдімүтәліп Дәуренбеков (Ақтөбе облысы), Қалижан Заңқоев (Астана қаласы), Қасымхан Исаев (Солтүстік Қазақстан облысы), Бейбіт Мырзагелдиев (Оңтүстік Қазақстан облысы), Талғат Омаров (Қызылорда облысы), Данияр Жұмабаев (Жамбыл облысы), Құлмұхаммед Маханбет (Алматы қаласы), Ержан Маемеров (Семей өңірі), Рашид Алпысбаев (Қарағанды облысы), Бауыржан Әлиұлы (Батыс Қазақстан облысы), Әсет Аташев (Алматы өңірі), Тілепберген Жәкиев (Маңғыстау облысы), Нариман Исенов (Павлодар облысы).
23. 12. 2012 ж.

Пікір қалдыру

Әлеуметтік желі арқылы кіру: 

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Келесі жазба

Жаңа тағайындаулар

327 Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти, шейх Әбсаттар қажы Дербісәлі хазреттің бұйрығымен: Астана қалалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Қайрат Жолдыбайұлы Мәмбетбаев осы қызметімен қатар Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасының бірінші орынбасары, наиб мүфти болып; Қанат Нұрмаханұлы Бекжанов Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қажылық бөлімінің референті қызметінен босатылып, ғылыми-сараптау […]