Израиль ғалымдары оразаның пайдасын анықтады

publisher

Иерусалимдегі Еврей университетінде жүргізілген зерттеу жұмыстарының нәтижесінде көмірсуларды тек кешкісін қолдану қант диабеті мен жүрек ауруларының алдын алатыны белгілі болды. Зерттеу нысаны ретінде мұсылмандардың Рамазан айындағы оразасы алынған.
Ғылыми зерттеу жұмыстарына 78 ерікті қатысқан. Олардың бір тобы көмірсуларды кешқұрым пайдаланса, екінші топ күні бойы тамақтан бас тартпаған. Алты айдан кейін ғалымдар көмірсуларды кешқұрым қолданған топта оң өзгерістер бай-қалғанын анықтаған. Семіздіктің алдын-алумен қатар қан құрамындағы қант пен липидтің де мөлшері жақсарғаны белгілі болды. Сондай-ақ, лептин, грелин және адипонектин гормондарында да оң өзгерістер байқалған.
Өз сөзінде Израиль Білім министрлігінің бас ғылыми қызметкері, профессор Захария Мадар алдағы уақытта бұл жұмыстардың өз жалғасын табатынын айтты.

Дайындаған
Еламан ҚОҢЫРОВ

Пікір қалдыру

Әлеуметтік желі арқылы кіру: 

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Келесі жазба

Мәскеуде тағы 6 мешіт салынатын болды

284 Бұл жөнінде Ресей мүфтилер кеңесінің төрағасы Равиль Гайнутдиннің Мәскеу мэриясы өкілдерімен кездесуінде мәлім болды. Бүгінгі таңда Ресей астанасында төрт мешіт жұмыс істейді. Мүфтилер кеңесі төрағасының орынбасары Рушан Аббясов мешіт салу ісі күн тәртібінде тұрғанын айтты. «Мәскеу мұсылмандарына мешіт жетіспей-тіні шындық. Шеттен келгендерден бөлек, жергі-лікті мұсылмандардың да саны жыл санап […]