«Ислам он жебе тәрізді…»

publisher

«Маған Жәбірейіл (ғаләйһис-саләм) келiп былай деді:

«Уа, Мұхаммед! Ислам он жебе тәрiздi. Сол он жебесi болмаған сәтсiздiкке ұшырайды.

Бiрiншiсi – Алла Тағаладан басқа тәңір жоқ деп куәлiк беру.

Екiншiсi – намаз, ал намаз дегенiмiз – тазалық.

Үшiншiсi – зекет, ол – қайырымдылық.

Төртiншiсi – ораза, ол – тозақ отынан қалқан.

Бесiншiсi – қажылық, ол – АллаТағаланың заңын орындау.

Алтыншысы – жиһад, ол – күпiрлiкке қарсы күрес.

Жетiншiсi – жақсылыққа үндеу, ол – мiндеттi орындау.

Сегiзiншiсi – жамандықтан қайтару, ол – сенiң мұсылмандығыңа дәлел.

Тоғызыншысы – жамағаттан бөлiнбеу, ол – ынтымақтылық.

Оныншысы – Алла Тағаланың әмiрiне бойсұну, ол – Алла Тағаланың қамқорлығы».

Хадистi Әнас ибн Маликтен (родиял-лаһу ғанһу) Әбу Нуғайм ибн Ахмад Әл-Ғажәләни риуаят еттi.[1]


[1]كنز العمال للمتقي الهندي، الفصل الأول: في حقيقة الإيمان، الحديث رقم 31

Пікір қалдыру

Әлеуметтік желі арқылы кіру: 

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Келесі жазба

"Амалдарыңмен Алланың алдында тұратындарыңды ұмытпаңдар..."

374 «Бір күні Нәби (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) хұтбада тұрып былай деді: «Ақиқатында мына дүние өткінші нәрсе емес пе? Одан жақсы да, жаман да қоректенеді. Шындығында Ақыреттің белгіленген уақытында болары ақиқат емес пе? Ақыретте құдіретті Патша қазылық етеді. Ақиқатында жақсылықтың бәрі жәннатта, ал жамандықтың бәрі тозақта емес пе? Амалдарыңды Хақ […]