Имани интерактивті дәріс

publisher

Алматы қаласы Ішкі істер департаментінің ұйымдастыруымен Оқушылар сарайында республикалық деңгейде екінші рет интерактивті сабақ өткізілді. Тікелей желіге шыққан Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы уағыз-насихат бөлімінің бас маманы Алтынбек Ұтысханұлы асыл дініміздегі «жиһад» ұғымын кеңінен ашып көрсетті. «Жиһадты тек қару-жарақпен байланыстыру дұрыс емес. Алла разылығы үшін жасалған әрбір игі іс, өз нәпсіңмен күрес – жиһад», – деді А.Ұтысханұлы. Ең бастысы, сауатсыздықпен және адам бойындағы жаман қылықтармен күресу керектігін жеткізді.
Уағызды қаладағы №92 мектептің оқушылары тыңдап, көкейде жүрген сұрақтарын электронды пошта, тікелей желі арқылы қойып, жауап алды.
Уағыз соңында интерактивті сабақты жүргізген А.Ұтысханұлына мектеп ұстаздары, оқушылары алғысын білдіре келе, мұндай дәрістердің жиі өтіп тұруын өтінді.
ҚМДБ-ның баспасөз қызметі

Пікір қалдыру

Әлеуметтік желі арқылы кіру: 

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Келесі жазба

245 Ер есімі – ел есінде 2011 жылдың күзіндегі қанды оқиғаның бел ортасында болып, ерлікпен қаза тапқан халық қаһарманы Ғазиз Байтасовтың зиратына құлпытас орнатылды. Тараз жерінің талай танымал азаматтарын өз қойнында сақтаған Тектұрмас зиратынан топырақ бұйырып, ерлігімен ел есінде қалған Ғ.Байтасовтың рухына орталық «Һибатулла Тарази» мешітінің Бас имамы Д.Жұмабаев Құран […]