Имамдар есеп берді

publisher

Жылдағы қалыптасқан дәстүр бойынша ҚМДБ-ның Қостанай облысындағы өкіл имамы Асылхан қажы Түсіпбек облыстық «Марал ишан» мешітінде жиын өткізді. Оған өңірдегі аудандар мен қалалардың имамдары қатысып, үстіміздегі жылы атқарған жұмыстары жайлы есеп берді.

Облыстың бас имамы әріптестірінің жұмысын сараптай келіп, алда тұрған міндеттерге жан-жақты тоқталды. Сондай-ақ, теріс ағымдардың алдын алу, жастардың оған еніп кетуіне жол бермеу туралы әңгімеледі.

Жиналыстан кейін осы мешітте екі күндік семинар өткізілді. Онда ақида, фиқһ бойынша дәрістер оқылды. Дәрістерді облыстық «Марал ишан» мешітінің наиб имамдары Дархан қажы Сыздықов пен Асқар Мейрамбекұлы жүргізді.

ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша

өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікір қалдыру

Әлеуметтік желі арқылы кіру: 

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Келесі жазба

АЛЛАҒА ЖАҒАМЫН ДЕСЕҢ, АЗАНДЫ БОЛ

280 Шымкент қаласында Облыстық орталық мешіттің ұйымдастыруымен тұңғыш рет «Аллаға жағамын десең, азанды бол» атты азан айтудан жарыс өткізілді. Жарысқа облыстағы ең үздік деген 52 азаншы қатысты. Оларға облыс имамы Ахметжан қажы Керімбек, облыс имамының орынбасарлары М. Естеміров, Т. Дәрібаев және Шымкент қалалық мешітінің бас имамы Б. Абдурахманов төрелік жасады. […]