Грузиядағы екі күн

admin

29 қарашада ҚР Дінбасы қонақжай Ереванмен қош айты-сып, Грузия астанасы Тбилисиге аттанды. Онда Бас мүфтиді осындағы ҚР елшілігінің дипло-маты, екінші хатшы Марат Асқаров қарсы алды. Қадірменді қонаққа елшілік атынан қонақасы берді.
30 қарашада Бас мүфти, шейх Әбсаттар қажы Дербісәлі хазрет Грузия астанасының көне жәдігерліктерін, орта ғасырлық шығыс моншасын, қамалдарын, ескі шаһардың көшелерін аралады. Қазір 360 шіркеуі бар қалада тек 1811 жылы салынған бір ғана мешіт жұмыс істейді. Оның өзіне сыртқа азан шақыруға рұқсат жоқ. Дінбасы Алла үйіне зиярат жасап, сәлем намазын оқыды. Түсқайта Грузияның мемлекеттік мұражайындағы жәдігерлермен танысып, қаладан батысқа қарай 15 шақырымдай жерде орналасқан, шамамен 4-10 ғасырларда осы мемлекеттің астанасы болған Мцхета қаласы орнын тамашалады. Кешкісін Тбилисидегі Қазақстан елшілігінің кеңесшісі Бекмұрат Юлдашев, Грузиядағы «Халық банкі» өкілдігінің төрағасы Қайрат Кенжеғарин және осындағы «Қазтрансгаз» компаниясының өкілі Санжар Дәмірұлы шаһардағы көне аудандардың бірінде Дінбасы құрметіне қонақасы берді. Бас мүфти, шейх Әбсаттар қажы Дербісәлі хазрет қандастарына бата беріп, қызметтеріне сәттілік тіледі. Естелік үшін суретке түсіп, өзінің «Ислам религия мира и созидания» және «Қазақстанның діни оқу орындары» атты жуырда жарық көрген еңбектерін қолтаңба қойып, сыйға тартты.

Пікір қалдыру

Әлеуметтік желі арқылы кіру: 

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Келесі жазба

Киевтегі салтанат

314 1 желтоқсанда ҚР елшілігінің Грузиядағы қызметкері, екінші хатшы Марат Асқаров Дінбасын Тбилиси әуежайынан Киевке шығарып салды. Халқы 7 миллион адамға жуықтап қалған Украина астанасының алғашқы мешітін ашу үшін әріптесі шейх Ахмет Тамим шақырған болатын. «Борисполь» әуежайынан ҚР Дінбасын Украина діни басқармасы төрағасының орын-басары Рустам хазрат күтіп алды. Сол күні […]