Грозныйдағы тегін такси

publisher

Бұрын-соңды белгісіз болып келген грозныйлық маршрутты такси жүргізушісі Мұса Даваев аз күннің ішінде әлеуметтік желілердің батырына айналып шыға келді. Оған себеп – жолаушыларының бірі суретке түсіріп алған көлігіндегі мына бір жазба еді. Онда қариялар, балалар және мүгедектер, сондай-ақ, ақшасын ұмытып кеткендер мен қаражаты таусылып қалғандар үшін таксимен жүру тегін екендігі жазылған. Сонымен қатар, бұл ерекше такси жаназаға, ауруханаға, зиярат етуге бара жатқандар мен қажылық парызын өтеп келгендер үшін де тегін қызмет көрсетеді. Ең қызығы жазбаның соңында «Ешкімге еш нәрсені түсіндірудің қажеті жоқ. Жәй ғана шығып жүре беріңіздер!» деп жазылған.
Бұл сурет пен жүргізуші туралы ақпарат ғаламторда пайда болғалы жан-жақтан Мұсаның атына көптеген пікірлер жазылуда. Барлығы жүргізушіге ризашылығын білдіріп, оған алғыстарын жаудырған.
Иә, құлқынның құлы болған қазіргі заманда тегін тұрмақ, арзан қызмет көрсетудің өзі ерлік саналады. Ендеше Мұсаның бұл атымтай жомарттығын нағыз мұсылмандық деп бағалауға толық негіз бар.
Дайындаған Еламан ҚОҢЫРОВ

Пікір қалдыру

Әлеуметтік желі арқылы кіру: 

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Келесі жазба

«Реал Мадрид» мұсылмандар үшін белгісін өзгертті

210 Испанияның әлемге әйгілі «Реал Мадрид» футбол клубы мұсылман жанкүйерлері үшін өз логотипінен крест белгісін алып тастады. Белгіге крест 1920 жылы король Альфонсо ХІІІ клубты өз қол астына алған кезде енгізілген болатын. Испандық «Marca» газетінің мәліметінше, клуб басшылығы бұл қадамға мұсылманы көп аудандар-дағы кез келген түсініспеушілік пен қақтығыстың алдын алу […]