Ғалымдар дәріс берді

publisher

Жуырда түркиялық исламтанушы ғалымдар «Астана» медресесіне арнайы ат басын тіреді. Ыстамбұл қаласының дін саласында арнайы мамандар дайындайтын іргелі оқу орындарының бірі «Мармара» университетінің ұстазы, тәпсір ғылымдарының докторы, профессор Өмер Челик пен хадис саласының білгірі, ғылым докторы Хикмет Атан медресе шәкірттерімен кездесіп, исламтану бағыты бойынша арнайы дәріс оқып, қойылған өзекті сұрақтарға жауап берді.
Өз сөзінде Х.Атан мырза: «Біз әуелі ақидада Имам Матуриди, фиқһта Әбу Ханифа, ал, көркем-мінез құлықта, амалда Орта Азиядан шыққан ғұлама бабамыз, түркістандық хазреті Ахмет Яссауидың жолын ұстануымыз керек. Осы үш негізді өзімізге бағыт-бағдар етер болсақ, бізді ешкім ешқайда да адастыра алмайды», – деді. Құран ғылымының білгірі, осы күндері бес томдық тәпсір кітабын баспадан шығарғалы отырған профессор Ө.Челик мырза болса, шәкірттерге Құран мен сүннетке және әһли сунна уал-жамаға ғалымдарының қайнар бұлақ кітаптарына сүйене отырып, білім алу керектігіне кеңірек тоқталды.
Бақытжан Өткелбаев,
Астана медресесі оқу бөлімінің меңгерушісі

Пікір қалдыру

Әлеуметтік желі арқылы кіру: 

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Келесі жазба

Шырақшылар діни білім алуда

214 Бұл семинардың бұрынғылардан ерекшелігі – өңірдегі мешіт имамдарымен қатар қасиетті мекендер басындағы шырақшылардың да діни сауаттарын жетілдіруді көздейді. Бұл рухани орындар мен мазарлар басына баратын халықтың дұрыс діни ақпарат алуы үшін маңызды. Осыған қатысты «Маңғыстау Ата-мұра» қоғамдық қоры, «Шырақшылар одағы» қоғамдық бірлестігі және облыстық «Бекет Ата» мешіті арнайы семинар […]