Fatua.kz сайты ашылды

publisher

Қазақстан мұсылмандары діни басқарамасының электронды БАҚ-ы тағы бір жаңа сайтпен толықты.
9 сәуір күні Алматы қаласында наиб мүфти Серікбай қажы Ораздың қатысуымен пәтуа шығару және сұрақ-жауап бағытында жұмыс жасайтын «fatua.kz» сайтының тұсаукесер рәсімі болып өтті.
Аталмыш шарада сөз алған наиб мүфти Серікбай қажы Ораз қазіргі таңда Ислам дінін заман талабына сай деңгейде жеткізе білу керектігін айта келіп: «Халқымыздың рухани дамуы мен діни сауатын ашу, қоғамдағы өзекті діни мәселелерге үн қатып, шариғат тұрғысынан пәтуа шығару – Діни басқарманың негізгі жұмыс бағыттарының бірі. Осы бағыттағы жұмысты дамыту, бір жүйеге келтіру мақсатында «fatua.kz» сайтын іске қосып отырмыз. Игі іске атсылысып жүрген сайт ұжымына алғысымды айтамын», – деді.
Іс-шараға Діни басқарамаға қарасты әр өңірдің сайт қызметкерлері қатысып, жаңадан ашылып отырған сайттың құрылымы және жұмыс бағыттарымен танысты.
Айта кетсек, жаңа сайттың техникалық жағынан өзгешелігі – кез келген компьютерлік, мобильдік және планшет нұсқасына автоматты түрде ауыса алады.
Сонымен қатар, сайттың сұрақ-жауап, пәтуалар, кітаптар, тарих сынды айдарларында мазмұнды мәліметтер қамтылған.
ҚМДБ-ның баспасөз қызметі

Пікір қалдыру

Әлеуметтік желі арқылы кіру: 

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Келесі жазба

Оңтүстік жаңалықтары

362 Институт имамдарымен бірге ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының тапсырмасына сәйкес ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкілі А. Керімбек бастаған арнайы делегация Алматы қаласындағы Имамдардың білімін жетілдіру институтына ат басын бұрып, ол жерде білімдерін шыңдап жатқан еліміздің имам-молдаларымен кездесті. Ең алдымен ОҚО-ның бас имамы институт директоры Кенжеәлі Қоңыратбайұлымен жүздесіп, оқу […]