Еуропалықтар топ-тобымен Исламды қабылдауда

publisher

Жуырда еуропалық елдердің 19-77 жас аралығындағы 47 азаматы бір мезгілде Ислам дінін қабылдады. Аталған салтанатты шара меккелік Бүкіләлемдік мұсылман лигасының (БМЛ) ұйымдастыруымен ұйымның лондондық кеңсесінде өтті.
БМЛ-дың лондондық филиалының директоры Ахмед Махдумның айтуынша, Ислам дінін қабылдағандардың төртеуі ер адам, қалғандары әйелдер екен.
«Басым бөлігі британдықтар. Сондай-ақ, өзге Еуропа елдерінің азаматтары да бар. Олардың мамандықтары да, білім деңгейлері де әртүрлі. Лондондық кеңсенің тарихында, яғни 1982 жылдан бері осынша адамның бір мезгілде мұсылман атануы алғаш рет болып отыр», – деген А.Махдум бұл шараның БМЛ үшін үлкен қуаныш болғанын атап өтті.
Лиганың лондондық филиалы Ұлыбританияда Исламның таралуына айтарлықтай үлес қосып, үгіт-насихат жұмыстарын кең көлемде жүргізуде.

Еламан Қоңыров

Пікір қалдыру

Әлеуметтік желі арқылы кіру: 

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Келесі жазба

Британдық мектептер доңыз етінен бас тартты

243 Ұлыбританиялық мектептердің бір-қатары өз асхана-ларында доңыз етін беруге тыйым салды. Лондонның солтүстігіндегі Харингей кентінің билігі жергілікті мектептерге хат жол-дап, доңыз өнімдеріне тыйым салуға кеңес берді. Бұған қызметкерлер мен оқушылардың діни көзқарасына бай-ланысты пікірлері себеп болған. Жалпы ата-аналардың басым бөлігі доңыз етіне еш қарсылық білдірмеген. Соған қарамастан, жергілікті билік аталмыш […]