Еленген еңбек

publisher

Ақтөбеде өткен «Адамзаттың асыл тәжі» атты мәуліт кешіне елордадан арнайы келген ҚМДБ-ның наиб мүфтиі Е. Оңғаров пен бөлім меңгерушісі С. Шоқанов салтанатты мереке төрінде биыл белсенділік танытқан бірқатар ақтөбелік имамдарды Бас мүфти мен наиб мүфти атынан алғыс хаттармен марапаттады.

2019 жылы Ақтөбе облысында мешіттердің ұйымдастыруымен 2 434 адамға 12 тонна 373 келі құрбандық еті таратылды. «Мектепке жол» акциясы бойынша 3 726 520 теңгеге 532 балаға оқу құралдары мен сөмкелер сыйланды. 1752 адамға 13 589 260 теңге көлемінде қаржылай көмек көрсетілді. 1404 отбасыға 26 тонна 866 келі азық-түлік берілді.

«Ел үлесі пәтерге» акциясы аясында Темір, Шалқар, Мұғалжар, Хромтау аудандарында 6 мұқтаж отбасыға баспана берілді. 2 жаңа мешіт пайдалануға беріліп, облыста мешіт саны 69-ға жетті. Демеушілер 2 имамға жеке автокөлік сыйлап, 4 имам қызметтік баспанамен қамтамасыз етілді. Жаңа оқу жылында 50 ақтөбелік діни оқу орындарына түсті: «Нұр Мүбәрак» университетіне – 19, медресе-колледждерге – 27, қарилар дайындау орталықтарына – 4 шәкірт. Жалпы, 181 ақтөбелік діни білім алуда.

Облыста 110 діни қызметкер бар. Олардың 35-і (32%) – жоғары діни білімді, 49-ы (44%) – орта діни білімді және 26-ы (24%) курстардан өткен. Ақтөбе имамдары 2019 жылғы кезекті аттестация сынағынан сүрінбей, сәтті тапсырып шықты. Жастар жылы «150 жылдыққа – 150 сұрақ» атты жастар арасындағы зияткерлік жарыс сынды, ірі 35 іс-шара өткізілген. Пәтуа бөліміне жауапты имамдар 865 сауалға жауап берген. «Нұр Ғасыр» мешітіндегі кеңес беру орталығында 162 сұраққа жауап берілсе, қалғандары әлеуметтік желі арқылы жауап алған. Сонымен қатар, «Нұр Ғасыр» мешітінде әр айдың соңғы жұма күні «Діни сұрақтарға жауап беру алаңы» ұйымдастырылып, жамағаттың 350 сауалына тұщымды жауап қайтарылған. Облыстық ЖАНТ мүшелері 164 рет кездесу өткізген. Жамағаттың бірлігін арттыру мақсатында 23 118 адамға 461 рет дастархан жайылып, уағыз жүргізілген.

«Nurgasyr.kz» сайтының ұжымы 80-нен астам видеоуағыз дайындаған. Имамдардың 85 мақаласы газет-журналдарда жарияланса, 42 рет телеарналарға сұхбат берген.

Міне, мұның барлығы – Ақтөбе өкілдігіне қарасты имамдардың еңбегі. Сол себепті облыстың Бас имамы биыл әртүрлі бағытта белсенділік танытқан имамдарды Бас мүфти атынан берілетін алғыс хатқа ұсынып, Мәуліт кешінде имамдар Бас мүфтидің алғыс хатымен марапатталды. Жамағат арасында үгіт-насихат жұмыстарын белсенді жүргізгені үшін облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамдары Н. Күзенбаев, Қ. Дәрменов және Ақтөбе қалалық мешітінің Бас имамы А. Садиев; Діни сауат ашу курсы жұмысын белсенді жүргізгені үшін «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамы Н. Смағұлов; Жергілікті діни кадр даярлау ісіне үлес қосқаны үшін Ақтөбе медресе-колледжінің директоры Ә. Дәуренбеков; Қайырымдылық шараларын белсенді түрде ұйымдастырғаны үшін Хромтау ауданының Бас имамы Ә. Алмат; Жамағатпен тығыз қарым-қатынас орнатып, насихат жұмыстарын белсенді жүргізгені үшін Шалқар ауданының Бас имамы Б. Тойшыбаев пен Темір ауданының Бас имамы М. Пірімқұлов; Медиа бағыты бойынша мақала дайындап, әлеуметтік желіде белсенділік танытқаны үшін Шұбарқұдық кәсіпшілігі мешітінің имамы Н. Сабырғалиев; Ауылдық мұсылмандар зиратын ретке келтіру ісіне ұйытқы болғаны үшін Ақжар ауылдық мешітінің молдасы Қ. Баекенов марапатталды.

Ал «Ел үлесі пәтерге» акциясын ұйымдастырудағы белсенділіктері үшін Ембі қаласының имамы Н. Тұрсынқұлов пен Байғанин ауданының Бас имамы Е. Көрпебаев; Темір қалалық тарихи мешітінде күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізгені үшін имам Е. Балашев; Ауыл мешіттерін ашылғалы бері ұқыпты ұстап, жамағаттың ынтымақ-бірлігін сақтауға белсенді атсалысқаны үшін Қайрақты ауылының имамы А. Жаманшин мен Бозой ауылының имамы Ы. Оразымбетов; Шалқар ауданының наиб имамы Е. Наурызбаев; Көп уақыт жабық тұрған мешітті іске қосып, жамағатпен жақсы қарым-қатынас орнатқаны үшін Ырғыз ауданы, «Нұра» ауылдық мешітінің молдасы М. Мырзалин наиб мүфти Е. Оңғаровтың алғыс хатын алды.

Сонымен қатар, Темір ауданының Бас имамы М. Пірімқұлов «Темір ауданына сіңірген ерекше еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталса, Ембі қаласының имамы Н. Тұрсынқұлов Мұғалжар ауданының «Жыл адамы-2019» номинациясының иегері атанды. Сондай-ақ, Қобда ауданының Бас имамы А. Қабиев аудан әкімі М. Шермағанбеттің, ал «Жастар жылының» қорытындылануына орай, Хромтау ауданының Бас имамы Ә. Алмат жастарға қолдау көрсеткені үшін «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы Төрағасының бірінші орынбасары Е. Данағұловтың алғыс хаттарын алды.

Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты шарада облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз хатшысы Г. Аймахановаға мемлекеттік саясатты өңір тұрғындарына түсіндіруге және «Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасына қосқан елеулі еңбегі үшін Ақтөбе облысының әкімі О. Оразалиннің алғыс хаты берілді. Қалалық Мәдениет үйінде өткен мерекеде қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқаны үшін Г. Төрединқызы Ақтөбенің 150 жылдығына арналған мерейтойлық медальмен марапатталды.

Осылайша, рухы – асқақ, тұғыры – биік қос мерекемізде өңірдің діни тұрақтылығы мен тыныштығына және әлеуметтік көмекті тұрақты ұйымдастыруға үлес қосқан ақтөбелік имамдардың еңбектері еленіп, қуанышқа кенелді. Марапаттарыңыз құтты болсын, құрметті әріптестер! Келер жылы жақсы жаңалықтар жалғасын тауып, жемісті қызмет етуді нәсіп етсін!

Ақтөбе облыстық орталық

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі 

Пікір қалдыру

Әлеуметтік желі арқылы кіру: 

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Келесі жазба

Балаларға мейірім

326 Таяуда Ақтау қалалық Бекет ата мешітінің бас имамы Зиядолла Еміл қаладағы №3 әлеуметтік қызмет көрсету орталығындағы болып, тәрбиеленушілерді мерекемен құттықтады. Ақтаудың бас имамы балғындарға ең ізгі тілектерін арнап, мерекелік тартуларын табыс етті. – Осындағы балаларға кішкене де болса жылулық көрсетейін деген тілекпен келдік. Оларға мейіріммен көңіл күй сыйлап, махаббатты […]