Діни басқарма жаңалықтары

publisher

Ізгілікке шақырып, дәстүрді дәріптеген іссапар
Сыр елі қай кезеңде болмасын қазақылықтың қаймағы сарқыл-маған әрі небір абыз, ахундардың, шайыр, жыршылардың, ишан-дардың дүниеге келген, діні мен ділі мықты аймақ ретінде таныс. «Сыр – Алаштың анасы» деп талай тарланды қанаттандырған Қызылорда жайлы Елбасы да атап өткен.
Осынау киелі тәуелсіздігіне тәубе еткен мекенге 19 желтоқсан күні Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы іссапармен келді. Дінбасын облыс басшысы Қырымбек Көшербаев «Қорқыт ата» әуежайынан күтіп алып, алғашқы табан тіреген жері Алланың жердегі үйі – орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешіті бол-ды. Қонақтар мешіт жұмысымен етене танысып, Құран бағыштады.
Осыдан кейін іссапар Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің студенттер са-райында өткен «Діни ғұрыптар мен қазақтың салт-дәстүрлері» атты республикалық ғылыми-практикалық конференцияға жал-ғасты. Конференцияны облыс әкімі Қ. Көшербаев сөз сөйлеп ашты. Қазақ халқының қашан да дәстүрді дәріптей білгендігін сөз еткен облыс басшысы шараның маңыздылығына баса тоқталды. Аталмыш бағытта алдағы уақытта атқарылатын шаралар туралы да кеңінен әңгімеледі.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы,  Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы-ның «Дін және дәстүр» атты кітабы қалың оқырманға жол тартқаны турасындаоблыс әкімі таныстырып өтті. Конференция бағдарламасы бойынша келесі кезекте сөз алған ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы «Дін және дәстүр» тақырыбында өз баяндамасын жасады.
– Қазақ ежелден мұсылман халық. Ислам дінімен таныс болғанына 12 ғасырдан асты. Сол замандардан бері ұлттық сана-сезімі, салт-дәстүрі, мәдениеті мен әдебиеті асыл дінімізідің құн-дылықтарымен бірге дамыды. Бір-бірімен астасып, ажырамас құндылыққа айналды. Ислам діні қазақ хандарының идеологиялық бағыты болды, мемлекеттік діні болды. Біз салт-дәстүр дегенде тек қана мәдени әдет-ғұрпымызды ғана емес, сонымен бірге ұлттық мінез-құлық қағидалары адамгершілік қағидаттарына айналған моральдық принциптерін, тағылымды тәрбие ұстындарын, даналықты, ізгілікті насихаттайтын сан ғасырлық мұраларымызды айтамыз. Осы мұраларымызды көздің қарашы-ғындай қорғап, кәдеге асырған жағдайда ғана ұлттық болмы-сымызды сақтап қаларымыз анық. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұстанған бағыты да ата-бабамыздан жалғасып келе жатқан діни дәстүрімізді жаңғырту, елдің рухани құндылықтарының қайта түлеуіне мұрындық болу болып табылады, – деп дін мен дәстүрдің сабақтастығын кеңінен тарқата айтты.
Одан кейін «Ислам ғалым-дарының дәстүр туралы көзқарастары» тақырыбында «Сарыағаш» медресесінің дирек-торы Ә. Сманов өз баяндамасын жасады. Оның негізгі мазмұны дәстүрді шариғаттың қолдауы, Ислам ғұламаларының пікірлерін қамтығаны көпшілік көңілінен шықты. Конференция барысында сонымен қатар Қызылорда об-лыстық дін істері басқармасының басшысы Б. Камалов, Қызылорда облысы бойынша діни кеңес беру орталығының жетекшісі Т.Әбуов баяндама жасап,  қазақ салт-дәстүрінің діни сананы қалыптастырудағы алатын орнына ерекше тоқталды. Т.Әбуовтың баяндамасындағы діни дәстүрлердің тәрбиелі ұрпақ қалыптастырудағы рөлі туралы келтірген деректері қошеметке ие болды. Конференция соңында бірауыздан қатысушылардың үндеуі қабылданды. Үндеуде дінді бетперде ретінде жамылып, мыңдаған жылдық тарихы бар салт-дәстүрлерімізді, діни наным-сенімдеріміз бен ғұрыптарымызды жоққа шығарғысы келетін радикалдық және экстремистік идеялардың дінге еш қатысы жоқ екені баса айтылды. «Барлық күш жігерімізді Отанды сүюге, халқымыздың ұлттық дәстүрлерін құрметтеуге жұмылдырамыз», – делінген.
Іссапар барысында Ә.Тәжібаев атындағы облыстық кітапханада облыс имамдарына арналған ар-найы жиын өткізілді. Жиында Бас мүфти Е. Маямеров еліміздегі діни ахуалға тоқтала келе қоғамдағы діни ахуалдың реттелуі мен тұрақтылығы аясында қызмет ету барысында имамдардың сауат-тылығы мен интелектісі жоғары болу керектігін айтты. Сол себепті, имамдардың діни сауаты мен білімін арттыру қазіргі таңдағы кезек күттірмес шаралардың бірі екендігін атап өтті. Сондай-ақ, осы орайда облысымызда өткен 1 айлық діни сауаттылықты арттыру семинарына қатысқан имамдарға сертификаттар табыс етілді.
Өз кезегінде облыс басшысы тарапынан арнайы қонақасы беріліп, қонақтармен салиқалы пікір алмасу өрбіді. Келесі күні Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасында «Дін мен Діл» хабарына қатысып, Сыр елі халқына арнап сұхбат берді.
Сонымен қатар, «Ақмешіт-Сырдария» мешітіндегі жұма намазына қатысып, жиналған жама-ғатқа «Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) соңғы құтпасы» тақырыбында мәнді де әсерлі уағызын жүргізді. Мәйекті сөздер мен салиқалы дәлелдер айтылған уағыздың әсерлілігі сонша, жұма намазына жиналған жамағат көз жасына ерік берді.
ҚМДБ: толғауы жеткен тоғыз мәселе
Бүгін Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы төрағалық ететін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Ғұламалар кеңесінің алғашқы мәжілісі өтті.
Мүфтияттың ғалым-дінтану-шылары, сарапшылары мен имамдары қоғамдағы өзекті діни мәселелерді талқылап, ұсыныс-пікірлерімен бөлісті.
Ғалымдар төмендегі тақырыптар төңірегінде мәселе қозғады:
Біріншіден, мұсылман қауымы-ның күнделікті тіршілігіндегі сауда, кәсіпкерлік, экономика, қаржы саласы, отбасы, діни құқық пен сенім, т.б. салаларға қатысты пәтуаларды шариғат аясында және қолданыстағы заң талаптарын ескере отырып шығару.
Екіншіден, имамдарды даярлайтын «Нұр» Қазақ-Египет Ислам университетінің оқу бағдар-ламасын жетілдіру, қажетті пәндер енгізу;
Үшіншіден, дәстүрлі дініміздегі төл мәзһабымыздың негізін қала-ған Әбу Ханифаның еңбектерін жүйелі, жоспарлы түрде аударатын, ғылыми жұмыстармен айналы-сатын орталық ашу;
Төртіншіден, діни оқу орын-дарының әлеуетін арттыру, дайындық курстарын ашу, ортақ оқу бағдарламасын бекіту;
Бесінші, шетелден шақыры-латын теолог-ғалымдарды ҚМДБ сарапшыларының кеңесінен өткізу және жұмысын жіті қадағалау;
Алтыншы, діни сауат ашуға ниет білдірген студенттерге «Нұр» Қазақ-Египет университетінде дәріс беру, жастарды жат ағымның ықпалынан құтқару;
Жетінші, білікті діни кадрлар тобын қалыптастастыру;
Сегізінші, болашақ имамдарға, медресе шәкірттеріне діни ілімнен бөлек шешендік өнер, әдет-ғұрып, психология, менеджмент, Қазақстандағы саяси жүйе, дін және ата заң, дін және қоғам, ресми қағаздармен жұмыс, информатика пәндерінен сабақ беру;
Тоғызыншы, қауіпті діни ағымдар туралы жүйелі уағыз-насихат жұмыстарын жүргізу.
Басқосуда кеңес мүшелері мәселені талқылап қана қоймай, оның шешу жолдарын ұсынды. ҚМДБ Ғұламалар кеңесі жанынан үйлестіруші жұмыс тобын құру туралы қарар қабылданды. Сондай-ақ, мемлекеттік мекеме өкілдерімен келіссөз жүргізу ұйғарылып, тоқсан сайын атқарылған жұмыс жайлы есеп беру бірауыздан мақұлданды.
77 қалада, 176 ауылда уағыз айтылды
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанындағы Ақпа-раттық-насихат тобы (АНТ) 2013 жылды қорытындылап, келер жылдың жұмыс жоспарын бекітті. Бұдан бұрын жариялаған жаңалықтарымызда АНТ құрамы-на біліммен қаруланған, өңірлер-дегі ахуалды, жамағат арасындағы проблемаларды жақсы білетін 30 білікті теологтар мен имамдар сапынан әрқайсысы 5 адамнан тұратын 6 топ жасақталғанын жазғанбыз.
26 желтоқсан күні Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы АНТ мүшелерін қабылдап, насихат көкжиегін кеңейтудің мәні мен маңызын сөз етті. «Сіздер дін саласының білікті маманы, білімді ғалымдары саналасыздар. Сіздерді аттай қалап, АНТ-ға мүше етіп тағайындадық. 2013 жылы жақсы жұмыс жасадыңыздар. Алайда атқаратын ауқымды іс-шаралар аз емес. Елдің ынтымағы мен бірлігіне, мұсылмандардың діни сауатын ашу жолында талмай қызмет етіңіздер», – деді Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы.
ҚМДБ төрағасы уағыз-насихат жұмысында белесінділік танытып, өнімді еңбек еткен имам, ғалымдарды алғыс хатпен марапаттап, жұмыстарына сәттілік тіледі.
Айта кетейік, Діни басқарманың ғалымдар тобы 1821 имамға шариғи һәм дүниеуи пәндерден 3210 сағат семинар-тренинг өткізді. Білімі мен білігі толысқан341 имам-ғалым-дардан жасақталған70уағыз-наси-хат тобы еліміз бойынша 77 қала мен 176 ауыл мектептерінде 3000-ға жуық кездесу өткізді. 400-ден астам түрмеде,1104әкімдік, мәдениет ошақтары, балалар және қарттар үйінде уағыз айтты. Бас мүфти бұл көрсеткіштің сапасына да мән беруді тапсырды.
Көзге жас үйіріп, үміт сыйлаған кездесу
Біреу білер, біреу білмес, Алматыда Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу инсти-туты бар. Егер ондағы қатерлі ісік-ке шалдыққан науқастармен аз-кем тілдессеңіз, сау жүргеніңізге шүкір етесіз… Иә, тәубе етесіз.
27 желтоқсан қасиетті жұма күні Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы «Зекет» қоры институтта емделіп жатқан бүлдіршіндерді бір қуантты. ҚМДБ Аппарат басшысы Ғылымбек Мәжиев өз қолымен сыйлық үлестірді. Қажетті бұйымдар, ойыншықтар, компьютерлер, оқу құралдары 20 баланың бір сәттік көңіл қуанышына айналды. Ғылымбек Жәдігерұлы ата-аналар мен балаларды өмірдің өткінші сынақтарына сабыр етуге шақырды. «Ислам – мейірім мен кешірім діні. Сондықтан өткінші өмірде бәріміз бір-бірімізге кешірім жасап, мейірім танытуымыз – мұсылманшылықтан», – деді Аппарат басшысы.
Алматы қаласы Орталық мешітінің бас имамы Нұрбек Есмағанбет жақсылыққа ұмты-лудың маңызы және үмітсіз ойдың зияны мен зардабы жайлы уағыз айтты. «Алла тағала шын ниетпен дұға жасаған жанның, әсіресе, ата-ананың баласы үшін сұраған тілегін қабыл етеді. Дұға – мұсылманның қаруы. Жаратушы Иеміз балаларымыздың ауруынан айығып кетуін нәсіп еткей», – деп Аллаға жалбарынып, дұға жасады. Осы кезде кейбір аналардың көз жасына ерік бергенін байқап қалдық. Институт басшылығы ізгі іс-шараны ұйымдастыруға ұйытқы болған ҚМДБ өкілдерін алғыс хатпен марапаттады.
ҚМДБ «Зекет» қорының жетекшісі Әлішер Спанов науқас балалардың көңілін көтеруге 250 мың теңге бөлінгенін мәлімдеді. Қабыл болсын дестік

Моңғолия мүфтиінен үшбу хат
Осыдан бірер ай бұрын Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазрет «Әзірет Сұлтан» мешітінде ТМД мүфтилерін қабылдаған еді.
Ресми қабылдауда Моңғолия мұсылман ұйымдары одағының атқарушы әкімі Батырхан Хадысұлы арғы беттегі ағайынның тыныс-тіршілігі мен діни ахуалын баяндай келе, ҚМДБ төрағасы Ержан қажы Малғажыұлына өтініш білдірді. «Құрметті хазрет! Сізден имамдарымызды бір үлгідегі шапанмен қамтамасыз етуге қолғабыс жасауыңызды сұраймын», – деді. Бас мүфти сөзге келместен бұл өтінішті орындауға уәде етті. Уәде орындалды, Моңғолиядағы имам-молдаларға қазақы үлгідегі шапан жеткізілді.
30 желтоқсан күні Бас мүфтидің поштасына Моңғолия мұсылмандары атынан алғыс хат келіп түсті. Батырбек Хадысұлы: «Құрметті Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы! Баян-Өлгей аймағы бойынша 2013 жылдың жұмыс есебі тыңдалып, семинар барысында Сіздің тарапыңыздан жолданған шапандарды имамдарымызға түгелдей табыс еттік», – деп жазады алғыс хатта.
ҚМДБ мұсылман әлемінің Діни басқармаларымен әріптестік қарым-қатынасты жандандырып, ортақ игі жобаларды жүзеге асыра бермек.

ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікір қалдыру

Әлеуметтік желі арқылы кіру: 

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Келесі жазба

"Сіз үшін тағы не істей аламыз?" немесе "тегін" сауап

407 Наиб мүфти Серікбай қажы Ораздың жұмыс кабинетінде отырмыз. Діни басқарманың бірді-екілі қызметкерімен қоса Аппарат басшысы Ғылымбек Мәжиев те бар. Әңгімеге арқау болған тақырып: мүфтияттың жұмысын жетілдіру, имамның жамағатпен қарым-қатынасын жақсарту. Серікбай қажы өзекті мәселе көтерді: әдепті имамдар институтын құру. «Бауырларымыз мешітке келгенде, имамнан мейірім, әдеп, жылышырай күтеді. Дін адамы […]