Діни басқарма жаңалықтары

publisher

Бас мүфти Түркия делегациясын қабылдады
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Ержан қажы Малғажыұлы Түркиядан келген делегацияны қабылдады.
Атап айтқанда, Түркия Республикасының Қазақстандағы елшілігінің дін істері жөніндегі кеңесшісі Ибраһим Йылмаз, Діни басқармасының маманы Исмайыл Өзкан, Кайсери қаласындағы «Хасеки» университеті Білім беру Кеңесінің мүшесі Мехмет Көсе Бас мүфтимен білім саласы, имамдардың біліктілігін көтеру, екіжақты рухани байланысты жандандыру, шәкірт тәрбиелеу, кітап шығару, т.б. мәселелер төңірегінде пікір алысты.
Ержан қажы Малғажыұлының бастамасымен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының мұсылман елдерімен оқу-ағарту саласындағы байланысы жаңа деңгейге көтерілді.
Бүгінде 23 имам Түркияның «Хасеки» университетінің 3 жылдық оқу бағдарламасы бойынша білім мен біліктілігін шыңдауда.

Діни басқармада – Үндістанның Бас мүфтиі
Үндістанның Бас мүфтиі Ахмет Омар Ілияс іссапармен Қазақстан мұсылман-дары діни басқарамасының Орталық аппаратын-да болды. Кездесуге келген қонақтар ҚМДБ-ның Аппарат жетекшісі Ғылымбек Жәдігерұлының қабылдауында болып, Діни басқарманың жұмысымен танысты.
Кездесу барысында екі ел арасында рухани қатынасты қалыптастыра отырып, ынтымақтастықты жүйелеу мәселелері қаралды. Сөз орайында, аппарат жетекшісі Ғылымбек Жәдігерұлы еларалық қатынаста рухани байланыстың айрықша орын алатынын жеткізді.
Кездесу соңында тараптар рухани саладағы ынтымақтастықтың одан әрі нығая түсетініне сенім білдірді.

Малайзия сапары: Ынтымақтастық келісімге қол жеткізілді
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бастамасымен ҚМДБ мен бірқатар мұсылман елдері (Мысыр, Түркия, т.б.) арасында діни оқу-ағарту саласы бойынша келісссөздер мен меморандумдар қабылданды. Жуырда осы бағытта тағы бір үлкен жетістіктерге қол жеткізілді.
ҚМДБ Аппарат басшысы Ғылымбек Жәдігерұлы, ҚМДБ оқу ағарту бөлімінің меңгерушісі Б. Бейсенбаев, «Нұр Мүбарак» Ислам Мәдениеті университетінің проректоры Ш. Керім, аталған оқу орны проректорының көмекшісі Р. Әкімжанов Малайзия еліне іссапармен барды.
Малайзия сапары барысында делегация әлемдік деңгейдегі оқу орындарының жұмыстарымен танысып, Теренгану штатындағы Сұлтан Занил Абидин атындағы университетпен (UNiSZA – university sultan zanil abidin) ынтымақтастық қарым-қатынас орнату үшін келіссөздер жүргізді.
Аталған университет Малайзия еліндегі жоғарғы діни білім беретін 20 білім ордасының бірі. Оқу базасы өте жақсы жабдықталған, шетелдік студенттердің білім алуы үшін барлық жағдай жасалған. Оқу орнында 7738 студент білім алуда. 5000 адам жатақханамен қамтамасыз етілген. Әлемнің 29 елімен халықаралық байланыс орнатқан. Университетте 9 факультет жұмыс жасайды.
Кездесу барысында бірнеше келісімшартқа қол жеткізілді. Тарқатып айтар болсақ:
– «Нұр-Мүбарак» Египет Ислам мәдениеті университетінің магистранттары және докторанттары Теренгану штатындағы Сұлтан Занил Абидин атындағы университетке ағылшын тілін игеру мақсатында қысқа мерзімді 20 күндік курстарға жіберіледі;
– «Нұр-Мүбарак» университетінің магистранттары және докторанттарының 2-ші ғылыми жетекшіні Сұлтан Занил Абидин атындағы университеттің профессорлық құрамы ішінен таңдап алуы келісілді;
– Алдағы уақытта Алматы қаласына Сұлтан Занил Абидин атындағы университеттің басшылық құрамының сапарын ұйымдастыру келісілді; Болашақта Алматы қаласында Сұлтан Занил Абидин атындағы университеттің дайындық орталығын ашу туралы мәселе қозғалды.
Сонымен қатар, қазақстандық делегация іссапар барысында Куала Лумпур қаласындағы ірі оқу орындарының бірі – Малайзия халықаралық Ислам университетінің (International Islamic university Malaysia) басшыларымен кездесулер өткізіп, білім ордасының базасымен танысты. Аталған оқу орнының ректоры Ұлыбритания елінде болғандықтан, проректор Хаселина бинти Мохамад Арсад және халықаралық бөлім директоры, профессор Абделазиз Бергоумен кездесу өткізді. Кездесуде бірнеше келісімдерге қол жеткізілді. Олар:
– ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының ағымдағы жылы Малайзия еліне іссапары жоспарланды;
– «Нұр-Мүбарак» Египет Ислам мәдениеті университетінің магистранттары және докторанттары алдағы уақытта тәжірибе алмасу жұмыстарын өткізеді;
– Малайзия халықаралық Ислам университетінің оқу жұмыстарын ұйымдастыру барысындағы озық тәжірибелермен тұрақты түрде алмасып отырады.
Қазақстандық делегация іссапар барысында Малайзияның Ислам істерімен айналысатын Департаментінің (Department of Islamic development Malaysia) басшылық құрамымен кездесу өткізді. Аталған мекеме төрағасының орынбасары Хаджи Мұхаммад Нордин Ибрахим және оқу ағарту салаларына қатысты екі жетекші маманмен кездесу өткізілді.
Кездесу барысында келесі келісімдерге қол жеткізілді.
– ҚМДБ мен Малайзияның Ислам істерімен айналысатын Департаменті арасында тығыз қарым-қатынастар орнату;
– Ағымдағы жылы қазан айында Қазақстанға 1 апталық семинар жүргізу үшін аталмыш Департаменттің 4 қызметкерін (халал бағыты бойынша жұмыстарды ұйымдастыру маманы, қажылық жұмыстарды орталықтандырылған түрде жүргізу маманы, зекет жинау жұмыстарын үйлестіру маманы, пәтуа шығару бойынша жұмыстарды ұйымдастырушы маманы) алдыруға келісімге қол жеткізілді;
– Оқу-ағарту жұмыстары бойынша ынтымақтастықты жалғастыру туралы шешім қабылданды.
Сапар соңында қазақстандық делегация Малайзия Ислам істері Департаментінің басшыларымен кездесіп, оқу-ағарту саласына қатысты бірқатар мәселелерді талқылады. Аталған мекеме төрағасының орынбасары Хаджи Мұхаммад Нордин Ибрахим және оқу-ағарту салаларына қатысты екі жетекші маманымен кездесу ұйымдастырылды.
Сондай-ақ, делегация мүшелері Малайзия елінде білім алып жатқан студенттер туралы жалпы жағдайды білу үшін Теренгану аумағы және Куала Лумпур қаласында қазақстандық 8 студентпен кездесу өткізіп, жалпы студенттер ортасы туралы мәліметтер алды.
ҚМДБ-ның баспасөз қызметі

Пікір қалдыру

Әлеуметтік желі арқылы кіру: 

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Келесі жазба

Мұқтаж жандарға көмек берді

233 Мұсылман үмметінің құрметті айында Маңғыстау облыстық орталық мешіті қайырымдылық шараларын белсене ұйымдастыруда. Кезекті игі шараны облыстық орталық мешіт пен Мұнайлы аудандық орталық мешіті бірлесе жасады. Өкіл имам С.Сейтбековтің қатысуыменен тұрмысы төмен, жесірі мен жетімі бар 5 отбасыға қаржылай және азық-түлікпен көмек көрсетілді. Мұнан кейін Мұнайлы ауданы, Атамекен ауылындағы аудандық […]