Діни басқарма жаңалықтары

publisher

Имамдарға дәріс оқыды
Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы Алматыдағы имамдардың білімін жетілдіру Ислам институтында дін қызметкерлеріне дәріс оқыды.
Мүфти-хазірет уағыз барысында 2 айлық курста ілім іздеген имам-молдаларға халықты бірлік пен ынтымаққа, ізгілік пен имандылыққа ұйытудың мәні мен маңызы жайлы сөз етті. Сонымен қатар, діни біліммен шектелмей, дүниеуи ілімдерді де оқып-тоқудың қажеттілігін түсіндірді. Әсіресе, сөйлеу шеберлігін арттыратын шешендік өнерді меңгерудің қажеттілігін баса айтты.
Ержан қажы Малғажыұлы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы имамдардың білімін арттыруға аса мән беріп отырғанын жеткізіп, қоғамдық мәселелерге қатысты пәтуа шығарудың әдіс-тәсілдерін тәптіштеп түсіндірді.
Институт директоры Кенжәлі Мырзабаевтың айтуынша, компьютер сыныбы, кітапхана, дәрісхана, намазхана, жатын бөлмелер имамдардың еркін құлшылық жасауына, кедергісіз білім алып, ізденуіне қызмет етуде. «Мұнда барлық жағдай жасалған. Сонымен қатар, ғимарат күрделі жөндеуден өтті», – деді К.Мырзабаев.

Алтай қазақтарына онлайн дәріс өткізілмек
21 мамыр күні Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы Алтай Республикасы мұсылмандарының төрағасы Жанболат Аятбекұлын, Алтай қазақтары құрылтайының орынбасары Ыстақан Тоқтаханұлын, заңгер Әли Маратұлын қабылдады. Делегацияның Қазақстанға келудегі мақсаты – өзара ықпалдастық қатынас орнату, тәжірибе алмасу, имамдардың біліктілігін арттыру. Кездесуде Ержан қажы Малғажыұлы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бүгінгі игі жұмыстары жайлы баяндады.
«Елімізде діни ахуал тұрақты. Дініміздің жанашыры Елбасының игі бастамасымен көптеген зәулім мешіттер бой көтеруде. 2300-ден астам мешіт халықтың бірлігі мен ынтымағы, ізгілік пен имандылық жолында қызмет етуде», – деді Бас мүфти.
Ресми қабылдауда Жанболат Аятбекұлы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бастамасымен жүзеге асып жатқан ізгі істер мен сауапты жұмыстар туралы хабардар екенін айта келе: «Сіздерден алатын үлгі мен тәжірибе көп. Осы бағытта ортақ мақсат үшін екі ел діндарларының байланысын күшейтуіміз қажет», – деді.
Басқосуда Бас мүфти Алтай қазақтарына, имам-молдарына онлайн дәріс өткізу қажеттігін айтты. Бұл ұсынысқа оң пікірін білдірген Ж. Аятбекұлы Діни басқарма тарапынан уағызшылар тобын Алтай аймағына жіберу туралы өтініш білдірді.
Ержан қажы Малғажыұлы бұл өтінішті қабыл алып, сонымен қатар шеттегі қандастарымызды қажетті кітаптармен қамтамасыз етуге дайын екенін жеткізді.

Алматыда дін қызметкерлері марапатталды
Мамыр айының 21-ші жұлдызында алыпшаһар Алматыда қалалық әкімшіліктің басқаруымен діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі кеңестің кезекті жиналысы өтті. Жиналысты қала әкімінің орынбасары, діни бірлестіктер-мен байланыстар жөніндегі кеңестің төрайымы Аманжолова Зәуреш Жұманәліқызы ашып, жиналыстың жұмыс ба-рысымен таныстырып, жиынға қатысушыларға кезегімен сөз берді. Алқалы жиында сөз алған ҚМДБ апарат жетекшісі Ғилымбек Жәдігерұлы мен Алматы қаласы орталық мешітінің Бас имамы Нұрбек Әуесханұлы баяндама жасап, ҚМДБ мен Алматы қаласындағы мешіттердің атқарып жатқан жұмыстары жайлы ақпарат берді. Осы жиында Алматы қаласындағы конфессияаралық және этносаралық келісімді, төзімділікті, тұрақтылықты нығайту бағытындағы еңбектері үшін ҚМДБ Аппарат жетекшісі Ғилымбек Мәжиев; Алматы Қаласы Орталық мешітінің Бас имамы Нұрбек Әуесханұлы; Алматы қаласы Орталық мешітінің найб имамы Нұрмұхаммед Иминов; Алматы қаласындағы «Әбу Ханифа» медресесінің директоры Құлмұханбет Маханбет; Алматы қаласы Алмалы ауданы «Төле би» мешітінің бас имамы Кенжеәлі Мырзабай; Алматы қаласы Жетісу ауданы «Әл-Мадина» мешітінің бас имамы Ермек Мұқатай; Алматы қаласының әкімі орынбасары және діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі кеңестің төрайымы Аманжолова Зәуреш Жұманәліқызының қолынан алғыс хаттармен марапатталды.
Біз де «Халыққа қызмет – Хаққа қызмет» деген қағиданы ұстанған дін қызметкерлерімізді шын жүректен құттықтап еңбектеріне жемістер тілейміз!

ҚМДБ бөлім меңгерушілерінің жұмысымен танысты
Алтай Республикасы мұсылмандарының төрағасы Жанболат Аятбекұлы бастаған делегация Қазақастан мұсылмандары діни басқармасы бөлім меңгерушілерінің жұмысымен танысты.
Екіжақты кездесуде ҚМДБ Аппарат жетекшісі Ғилымбек Жәдігерұлы келген қонақтарға Діни басқарманың бүгінгі тыныс-тіршілігімен таныстырып, әр бөлімнің атқарып жатқан шаруалары жайлы сөз етті.
Өзара тиімді тәжірибе мен ақпарат алмасу барысында Жанболат Аятбекұлы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Орта Азияда алар орны мен рөлін айта келе, бірлесіп жұмыс жасаудың маңыздылығына тоқталды.

Мүфтиятта меморандум қабылданды
Қазақстан және Алтай мұсылмандары діни басқармалары арасында достық қарым-қатынас пен ынтымақтастықты дамыту мақсатында меморандумға қол қойылды.
Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы мен Алтай мұсылмандары Діни басқармасының төрағасы Жанболат Оқтаубаев тарихи құжаттың екі ел арасындағы рухани байланысты күшейтуге ықпал ететінін мәлімдеді.
Келісім аясында Алтайда тұратын қандастарымыз Діни басқармаға қарасты оқу орындарына қабылданады. ҚМДБ жанынан жарық көретін діни басылымдарды (кітап, газет, журнал) Алтай Республикасы мұсылмандары арасында тегін тарату жоспарланды. Сонымен қатар, діннің кейбір өзекті мәселелеріне арналған конференциялар, симпозиумдар, семинарлар ұйымдастырылмақ.
Осы құжаттың тағы бір маңызды тұсы: ұрпақты ислами әдептілікке, отансүйгіштікке, өз еліне адал қызмет етуге тәрбиелеу, лаңкестікке жол бермеу, халықты дәстүрлі дінді ұстануға үндеу.
Жанболат Оқтаубаевтың өтініші бойынша, ҚМДБ тарапынан Алтайдағы қазақ имамдары шапанмен қамтамасыз етілді.

Түлектерді қызметке бөлді
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Ержан қажы Малғажыұлы «Нұр Мүбарак» университетінің бітіруші түлектерін қабылдап, оларды қызметке бөлді.
«Дін өкілі мансапты мақсат тұтпауы тиіс. Қазір бізге ел игілігі үшін аянбай қызмет ететін уақыт. Халықты бірлікке шақыруда имамдардың рөлі орасан зор. Сондықтан имамдық сауапты да жауапты әрі абыройлы қызмет екенін ұмытпауы-мыз керек. Алла тағала қызметтеріңізге береке берсін», – деп дұға жасады Ержан қажы Малғажыұлы.
Биыл «Нұр Мүбарак» университетін 79 шәкірт тәмамдайды. Олар мешіттерде имамдық, ұстаздық қызметтерге бөлінді. Олардың арасында магистратураға түсіп, ілімін жалғастыруға ниет білдіргендер де бар.

Бас мүфтидің шәкіртақысы
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының тө-рағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы еліміздің білімді жастарын қолдау мақсатында Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданы, Мақаншы ауылының алтын белгіге үміткер үздік оқушылары мен әлеуметтік жағдайы төмен мектеп түлектеріне шәкіртақы тағайындады.
С.Сейфуллин атындағы орта мектептің 11-сынып оқу-шылары – Әйгерім Темірханова мен Айғаным Ақажанова биылғы Ұлт-тық бірыңғай тестілеуден алтын белгіге үмітті. Бірі ағылшын тілі маманы болуды мақсат тұтса, енді бірі математика саласының майталманы болуды армандайды.
Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы оқушылармен кездесуде мектеп бітірушілерді білім алуда жігерлі, өжет болуға шақырып, алға қойған мақсатқа қол жеткізуде жалқаулық танытпауға, ең бастысы ары мен ұятына берік, иманды, инабатты азамат болып өсуге үндеді.
«Еліміздің әр азаматы кетігі табылған жерге кірпіштей қаланып, халыққа қалтқысыз қызмет етуі тиіс. Әр оқушы өзінің таңдаған мамандығын жетік білсе, мемлекетіміз көркейіп, өркениетті ел қатарына қосыламыз. Алла тағала баршамызға қайырлы білім беріп, ел игілігі үшін аянбай қызмет етуді нәсіп етсін», – деп батасын берді Бас мүфти.

Рамазан айы 28 маусымнан басталады
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төралқа мәжілісінде 2014 жылдың 28 маусымы – қасиетті Рамазан айының бірінші күні болып бекітілді.
Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының төрағалығы-мен өткен Төралқада Рамазан айына дайындық жұмыстары пысықталды. Бас мүфти сауабы еселеніп берілетін қасиетті айда қайырымдылық акцияларын көбірек ұйымдастыруды өкіл имамдардың қаперіне салды.
Еліміздегі мешіттер мен медреселерде Рамазан айы жоғары деңгейде өткізілмек. Қоғамдық көліктерге, қоғам-дық орындарға, сауда үйлеріне баннерлер мен билбордтар ілінбек. Сонымен қатар, қасиетті Қадір түні кешінде арнайы ғибратты шаралар ұйымдастыру жоспарланды. Қалалық автобустарда қасиетті айдың құрметіне тегін жүру акцияларын жүзеге асыру көзделуде.
«Ынтымағы ыдырап, бірлігінен береке кеткен елдің болашағы да бұлыңғыр болмақ. Қаншама жұрттың жер бетінен жоғалып, тегі мен тұтастығынан айырылуының негізгі себебі – бауырмалдықтың болмауы. Құдайға шүкір, еліміздегі ұлттар мен ұлыстардың бір шаңырақ астында тату өмір сүруі – Алланың берген сыйы мен нығметі. Сондықтан біз осынау игіліктерді уағыздарымызда көбірек айтуымыз керек. Рамазан – мұсылмандардың ауызбіршілігін арттыратын, өзара бауырмашылдығын нығайтатын қасиетті ай. Мүбәрак айды жоғары деңгейде өткізуге бәріміз атсалысуымыз қажет», – деді Ержан қажы Малғажыұлы.

Биылғы пітір садақасы – 200 теңге
Биыл Рамазан айында жан басына берілетін пітір садақа мөлшері еліміз бойынша 200 теңге. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төралқа мәжілісінде еліміздің әр аймағындағы бидай бағасын ескере келе, ортақ есеппен бірауыздан осылай бекітілді.
Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы қатысқан алқалы жиында қажылық сапарын жоғары деңгейде ұйымдастыру үшін білікті имамдарды тарту мәселесі де талқыланды. Бас мүфти республика бойынша мешіттерде жүйелі түрде өткізіліп келе жатқан орталықтандырылған онлайн дәріске жамағаттың толыққанды қатысуын, онлайн нүктелер санын (ауылға дейін) көбейтуді, әрі сабақтың сапалы, сауатты өтуін қадағалауды өкіл имамдарға тапсырды.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы «жастарды теріс ағымдардан сақтандыру», «қоғамның діни сауатын арттыру» мақсатында білікті имамдардың дәрісін жаңа технологиялар арқылы насихаттауды қолға алды. Еліміздің бас мешіті «Әзірет Сұлтан» мешітінде діни уағыз онлайн форматында жыл басынан бері өткізіліп келеді.

«Зекет» қорының жұмысы пысықталды
ҚМДБ жанынан ашылған «Зекет» қорының аймақтағы өкілдері Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлына 4 айлық жұмысының есебін берді.
Бас мүфти алқа мәжілісінде қордың құрылу мақсаты мен міндетіне, алдағы уақытта атқарылатын іс-шаралар жоспа-рына тоқталып, сауапты істер мен қайырымдылық шараларды жиі ұйымдастыру керектігін айтты.
Сонымен қатар, халықтың діни сауатын арттыру, асыл дініміз Исламды насихаттау үшін кәсіпкерлерді зекет қорының жұмысына атсалысуға уағыз-насихат арқылы шақыруды тапсырып, бірқатар тапсырмалар берді.
Еске сала кетсек, бүгінде діни басқарма жанынан ашылған «Зекет» қоры 2013 жылдың 1 қаңтарынан бастап өзін-өзі қаражатпен қамтамасыз ете алмайтын 144 ауыл имамына орташа есеппен 20 мың теңге мөлшерінде жалақы беруді қолға алған болатын.

Имамдардың қызметтік-шариғи этикасы талқыланды
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасында Аппарат жетекшісі Ғилымбек Мәжиевтің төрағалығымен Діни басқар-ма жанынан құрылған Ғұламалар Кеңесінің ІІІ отырысы өтті.
Басқосуда имамдардың қызметтік-шариғи этикасы талқыланды. Сонымен қатар қоғамдағы өзекті мәселелерге қатысты пәтуа шығару туралы ұсыныстар айтылды. Діни терминдер мәселесі де ортақ талқыға салынды.
Ғилымбек Мәжиев ҚМДБ Ғұламалар Кеңесінің Діни басқармадағы рөлі мен орны жайлы айта келе, Кеңес жұмысын одан әрі жетілдіріп, дамытып отыруды қаперге салды.
ҚМДБ-ның баспасөз қызметі

Пікір қалдыру

Әлеуметтік желі арқылы кіру: 

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Келесі жазба

Кеншілер қаласындағы Құран жарысы

299 Рудный қалалық «Нұр» мешітінің бас имамы Сейіт Темірбекұлының ұйытқы болуымен шәкірттер арасында Құран жарысы ұйымдастырылды. Атап айтқанда, онда Арқалық қалалық «Мухтасиб Әлмұхаммед» мешіті сауат ашу курсының шәкірттері мен Рудный қалалық «Нұр» мешітінің шәкірттері сайысқа түсті. Құран жарысына облыстық «Марал ишан» мешітінің ұстазы Н. Темиржи мен Таран аудандық «Айет» мешітінің […]