ДІН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

publisher

Өткен аптада «Ел үлесі – пәтерге!» науқаны бойынша павлодарлық екі діни қызметші баспаналы болды.

Біріншісі – Ертіс ауданының тумасы, кәсіпкер Шайкенов Манарбек Асылбекұлының аудандық «Ержан» мешітінің наиб имамы қызметін атқарып тұрған  жас маманға өз қаражатымен баспана сыйға тартуы болса, екіншісі – Павлодар облысы өкілдігінің «Ел үлесі – пәтерге!» науқаны бойынша жиналған қаржыға «Әбу Бәкір Сыддық» медресесінде дәріс беретін жас ұстаздарға арнап  Павлодар қаласынан екі бөлмелі пәтер кілтін медресе директорына табыс етуі.

Бұлар ҚМДБ-нан ұйымдастырылған «Ел үлесі – пәтерге!» науқаны бойынша беріліп жатқан 186 және 187-ші баспаналар.

Павлодар облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Пікір қалдыру

Әлеуметтік желі арқылы кіру: 

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Келесі жазба

«АСЫЛ АНА» ӘЖЕЛЕР МЕКТЕБІ АШЫЛДЫ

636 Ақтауда облыстық Бекет ата мешітінің жанынан «Асыл ана» әжелер мектебі құрылды. Басты мақсат – бүгінгі қыз баланың тәрбиесіне баса көңіл бөліп, әжелер салған қазақ анасының жолына бағыттау және жастарды жат ағымдардан сақтандырып, дұрыс бағыт беру. Бұл туралы Ақтау қалалық Бекет ата мешітінде облыс мешіттерінің әйел-ұстаздары, қажылар мен көпбалалы аналар, […]