«Амалдарыңмен Алланың алдында тұратындарыңды ұмытпаңдар…»

publisher

«Бір күні Нәби (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) хұтбада тұрып былай деді: «Ақиқатында мына дүние өткінші нәрсе емес пе? Одан жақсы да, жаман да қоректенеді. Шындығында Ақыреттің белгіленген уақытында болары ақиқат емес пе? Ақыретте құдіретті Патша қазылық етеді. Ақиқатында жақсылықтың бәрі жәннатта, ал жамандықтың бәрі тозақта емес пе? Амалдарыңды Хақ Тағаланың […]

«СӘТСІЗДІК – ҮШ НӘРСЕДЕ» ДЕГЕН ХАДИСТІ ҚАЛАЙ ТҮСІНУ КЕРЕК?

publisher

ЫРЫМ ТУРАЛЫ БІРЕР СӨЗ Адам табиғаты қызық қой. Естіген, көрген нәрселерінен бір мағына шығарып, оны жорамалдауға дайын тұрады. Жақсы нәрсе естіп немесе көңіліне хош нәрсені көрген сәтте оны жақсылыққа жорамалдаса, ұнамсыз сөз естіп, жағымсыз нәрсе көрген кезде оларды жамандыққа ырымдай бастайды. Міне, сондықтан пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Ешбір адам үш нәрседен: жорамалдау […]

КІМНІҢ ТҮСІНІГІ ТАЯЗ?

publisher

Жақында болған бір жай көңілімді қобалжытып, қолға қалам алуға итермеледі. Өз басым Исламның ақ жолына түсіп, сәждеге жығылғалы он бес жылдың жүзі болды. Жастық шақта, албырт кезеңде артық кетіп, жаза басқан жерлеріміз болса, Тәңірім кеше жатар. Ал бүгінгі таңда ең таза дінді барынша мұқият ұстанып, жас буынға ісімізбен, ақыл-кеңесімізбен өнеге […]

«ҚАРА ЖҰМАНЫҢ» ЖЕҢІЛДІГІН КҮТПЕЙ,

publisher

Қасиетті Жұманың шарапатын іздейік «Қара жұма» немесе кибержұма АҚШ-тың «Алғыс айту» күнінен кейін болатын – жеңілдіктер күні. Жыл сайынғы рождестволық жеңілдіктер дәл осы күннен басталады. Енді мұхит асқан елдің сауда дәстүрі біздің нарыққа да жетіп үлгерді. АҚШ-тағы қаралы жұма: рождестволық жеңілдіктер Америка сатып алушыларының сауда-саттық мейрамы «Қара жұма» деп аталады. […]

ҚҰЛҚЫННЫҢ ҚҰЛЫ – ҰЛТЫНЫҢ ҰЛЫ ЕМЕС

publisher

Құлқынның қамын басты орынға қоятын адамдары көбейіп кеткен қоғамда жемқорлық індеті әрдайым бүршік жарып, гүлдей беретіні даусыз. Бірақ, бұл – парақорлықпен күресті саябырсыту керек дегенді білдірмесе керек. Керісінше, күн өткен сайын онымен күрес қарқын ала түсуі тиіс. Ескендір ТАСБОЛАТ Дегенмен, бір нәрсе ақиқат: адамның санасына парақорлыққа бой алдырудың мемлекетке де, […]

ЖАНАЗАҒА ҚАТЫСТЫ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕР

publisher

«Жан бар жерде қаза бар» демекші, өлім хақ. Осы ретте жаназа рәсімдерінің жөн-жоралғысын шариғат тәртібімен жасап, ақтық сапарына аттандыру маңызды. Мәйітті жуындыру, кебіндеу, жаназа намазын оқу, жерлеу рәсімдері. Кей өңірлерде мәйіттің қызметінен бұрын мал сою, халыққа ас беру сияқты амалдарға ерекше мән беріліп, мәйіт оң жақта жатып қалады. Көптеген мұсылман […]

АҚЫТ ҚАЖЫ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ ОТБАСЫ ҮЛГІСІ

publisher

Көрнекті ақын, ғұлама оқымысты, қоғам қайраткері, танымал ағартушы Ақыт қажы Үлімжіұлы Қарымсақов Қытайдың Шынжаң өлкесі, Алтай аймағына қарасты Көктоғай ауданының Қайырты деген жерінде 1868 жылы тамыз айында дүниеге келген. Ол бала кезінде ауыл молдасынан сауат ашып, кейіннен Махбумулла есімді оқымысты ұстаздан араб, парсы және түрік тілдерін жетік үйренеді. Соның нәтижесінде […]

КҮНШІЛДІККЕ ШАЛДЫҚҚАН ЖАННЫҢ КҮНІ ҚАРАҢ

publisher

Күншілдік – бұл дүниеде кейбір пенделердің жүрегін көзге көрінбей шарпитын тозақ отының ұшқыны. Оған ілігіп, ұрынған пенделерге мына кең дүние тарылып, өз-өзінен қасірет-қайғыға түсіп күйініп, адамдықтың негізі: мейірімділік, қайырылымдық, махаббат, имандылық, жақсылықтан алыстап, жамандыққа, зұлымдыққа, зымияндыққа жол тартады. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Айрықша қызғанудан сақ болыңдар, өйткені […]

«АТА, МЕН ҚАЙ ТІЛДЕ СӨЙЛЕП ТҰРМЫН?»

publisher

Түс кезінде аулада таза ауада дем алып жүріп, көз қиығымен немерелерім Тамирлан, Томирис және Гүлімді бақылап қоямын. Үшеуі ара-арасында ойыншыққа таласып, жанжалдасып та қалады. Бірақ, Аллаға шүкір, үлкендерге қарағанда бала деген тез татуласады. Бақылап отырсам, татуласқандары да қызық екен. Ұрсысып қалған екі немерем «Кел, татуласамыз» дейді де, сұқ саусақтарын ілмек […]

САҚТА

publisher

Бүгінде аспан асты еліндегі «тәжді індетке» әлем үрке қарауда. Тарихта мұндай індеттер оқтын-оқтын болғаны да белгілі. Әрі оның себебі неден екені айдан анық. Бұған мән бермеушілік танытып, оған жеңіл қарамау керек. Әрине, тиісті сақтық шараларын қолданған абзал. Әйгілі Омар (р.ғ.) халифаның тұсында бір елде жұқпалы індет тарайды. Жолаушылап келе жатқан […]