АДАМДАР БІР-БІРІНЕН ТАҚУАЛЫҚПЕН ҒАНА ОЗАДЫ

publisher

Құлшылық пен тақуалық Археологиялық қазбалардың нәтижесіне үңілсек, барлық жерде ғибадатханалар бар. Тарихта атеистер өте аз болған. Демек, қай заманда да, қай жерде де құлшылық жасалған. Бірақ, құлшылық Алла мен Оның Елшісі көрсеткендей жасалмаса, қабыл болмайды. Алла тағала «Зәрият» сүресінің 56-аятында: «Мен жындар мен адамдарды өзіме құлшылық қылулары үшін жараттым», – […]

УАҚЫТТЫҢ ҚАДІРІН БІЛ!

publisher

Университетте сабақ беріп жүргенімде (ол кезде кафедра меңгерушімін) мысырлық ұстазымыз доктор Рида ад-Дақиқи бізге: «Сендер сабақ беруге кіргенде, алдыңда 20 студент отырса, егер лекция 50 минут болса, сабаққа дайындалмай барсаң, Алла алдында 50 минут үшін емес, 1000 минут үшін, яғни 17 сағаттай уақытқа жауап бересіңдер. Өйткені, әрбір студенттің 50 минутын ұрлаған […]

ЖӘННАТ НЫҒМЕТТЕРІ

publisher

Адам баласының бүкіл бітім-болмысы, табиғаты жақсылықты қалайды. Екі дүниенің жақсылығын тілейді. Ал, мәңгі тұрағы ретінде жәннаттың болғанын аңсайды. Жаратушы Иеміз адамдарға тура жол жіберетінін, онымен жүрушілердің екі дүниеде де рахатқа бөленетінін хабарлады. Шындығында да осы жолмен жүріп, ізгі амалдар жасап өткен жандардың арғы дүниеде көретін сый-сияпаттарының өте мол болатындығы белгілі. […]

ӨЛІМДІ ЕСКЕ АЛУ – ӨМІРГЕ ЖАҢАША ҚАРАУ

publisher

Кеше бала ең, келдің ғой талай жасқа, Көз жетті бір қалыпта тұра алмасқа. Адамды сүй, Алланың хикметін сез,  Не қызық бар өмірде онан басқа?! Бір қалыпта тұра алмасымызды күнделікті айналамыз әртүрлі қисындармен, мысалдармен паш етуде. Өміріңіздің бір бөлігі болған жылдар, айлар, күндер, сағаттар жылжып өтіп жатыр. Сен танитын адамдардың да қарасы күннен күнге […]

ЖАҚСЫЛЫҚТА ЖАРЫСУ: ОНЫҢ МӘНІ НЕДЕ?

publisher

Жақсылық жасау – әрбір пенденің көздеген мақсаты болуы тиіс. Әсілінде, адам баласы өзіне жасалған жақсылыққа жақсылықпен қайтарғысы келетіні рас. Алайда, жамандыққа жақсылықпен жауап беру өте қиын болса керек. Расында, қандай жағдай болмасын жақсылық жасау және жақсы істе жарысу – мұсылманның міндеті. Алла Тағала Құранда Кәрімде: «Міне, осылар жақсылықтарда жарысады да, […]

КЕДЕЙЛІК ҚОРҚЫНЫШТЫ МА?

publisher

Кедей, пақыр, мұқтаж болуды кім қаласын?! Тағдырдың тауқыметімен оған душар болған, ауру-сырқау, кемтар мүгедек, еңбек істеуге қабілетсіз, өз күшімен табыс табуға шамасыз, басқаның көмегіне мұқтаж болғандар мен тапқан табыстары жанұясына, өзін асырауға, күнкөріс жасауға жетпейтін, баспанасыз жандар, жолда қалғандар шарасыздан осы топқа енеді. Бұл кедей-пақырлардың материалдық көмекке зәру болған бірінші […]

КҮНДІЗ БЕН ТҮННІҢ ХИКМЕТІ

publisher

«Ол, сондай үгіт алғысы немесе шүкір еткісі келген кісі үшін түн мен күндізді, бірін-біріне ертіп қойды» («Фұрқан»-62). Бұл аят каримадағы «Хилфатан» (орынбасар қылып) деген сөзі турасында Әбу Ғұбайда (р.ғ.) былай деп түсіндіреді: «Бір нәрседен кейін келген нәрсе «хилфа» деп аталады. Түн мен күндіз де сол сияқты бірінің артынан бірі келіп […]

ШЫНАЙЫ НИЕТТЕ РИЯ БОЛМАЙДЫ

publisher

Қандай да бір істің орындалуында ниеттің орны ерекше. Адамның өз қалауымен жасаған жақсы-жаман әрбір ісі түпкі ниетіне байланысты.  Ниет – адам әрекетінің нақты мақсатын білдіреді. Ниетсіз, себепсіз алға мақсат қойылмайды. Ал ниеттің орныққан жері – жүрек. Алла елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Шын мәнінде Алла сендердің келбеттеріңе, байлықтарыңа […]

ҰЯТ – ЖАМАН ОЙДЫҢ ЖҮГЕНІ

publisher

«Арыстандай айбатты, Жолбарыстай қайратты. Қырандай күшті қанатты, Мен жастарға сенемін!» – деп Мағжан Жұмабаев өзінің «Жастар» өленіңде айтып кеткендей, болашақ жастарға зор үмітпен қараған. Намысы биік, айбынды, рухты жастар бар кезде елдің іргесі мықты болады. Бірақ, қазіргі жастар тәрбиесі қандай? Жастарымыз қаншалықты сенімге лайық? Тәрбиені қайдан алып жатыр? Бала ата-анадан […]

ЖАСЫРЫН САДАҚАНЫҢ САУАБЫ

publisher

Бүгіндері адамдардың арасында жақсылығын жария етіп, өзінің абыройын сонысымен көтеріп алғысы кеп жүргендер көбейіп барады. Атақ-даңқ, абыройдың иесі – бір Алла. Қалаған құлын асқақтатып, дәрежесін биік етеді. Қалағанын абыройдан жұрдай қылады. Кім не істесе де бір Аллаға аян, Алланың разылығы болса екен деген ниетпен жасау керек.  Алла тағала Құранда былай […]